16.10.2024, 14:40 836

"Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды заңсыз аулауға күдіктелген Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды заңсыз аулауға күдіктелген Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.


 Ер адам Қызылорда облысы Полиция департаментінің және "Охотзоопром"ӨБ" РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды. Ол "Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған.

Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп - тексеру әрекеттері жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны