21.11.2023, 16:27 14481

Қызылорда облысында "Qnet" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды

Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды
Қызылорда облысында "Qnet" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды
Сурет: Depositphotos
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті "Qnet" қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында "Qnet" компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан.

Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды.

Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны