27.12.2023, 17:34 47551

Жамбыл облысы тұрғынының кір жуғыш машинасынан 11 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Жамбыл облысы тұрғынының кір жуғыш машинасынан 11 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысы тұрғынының кір жуғыш машинасынан 11 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Шу ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жамбылдық полицейлер күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайда тұрған кір жуғыш машинаның ішінен 4 полипропилен қапшықтағы өсімдік тектес зат пен ерекше иісті ұнтақ заты бар пакет және ұнтақтауға арналған елек тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша аталған заттар жалпы салмағы 111 келі 500 гр кептірілген марихуана және жалпы салмағы 2 келі 960 гр гашиш есірткісі болып шықты. Бұл есірткілердің қара нарықтағы жалпы құны - 11 млн теңге.

Сондай-ақ жазғы ас үйдегі диванның астынан 12 мм калибрлі ТОЗ-63 тіркелмеген қос ұңғылы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны