28.12.2023, 12:21 44581

Жамбыл облысында әкімдік қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 га астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Байзақ ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 500 га жер учаскелерін беру кезінде қызметтік жалғандық жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге конкурс қорытындысы бойынша лауазымды адам учаскелердің орналасқан жері туралы мәліметтерге заңсыз өзгерістер енгізген.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сотқа жіберілді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 га астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Қалғандары бойынша жұмыс жалғастырылуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны