18.04.2025, 09:55 38706

Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады

Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады
Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған.

2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен тіркелді.

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны