23.10.2024, 15:35 61646

Жамбыл облысының шекарасында ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды

Жамбыл облысының шекарасында ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды
Ү.ж. қазанында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.

Ағымдағы жылдың басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды.

Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны