21.12.2023, 18:40 38021

Жасөспірім араздасып қалған құрдасының атынан "жарылғыш зат" туралы хабарлама берген

Жасөспірім полицейлерге мессенджерде анонимді аккаунт ашып, одан дабыл сигналын жолдағанын айтты
Атырау облысында жасөспірім араздасып қалған құрдасының атынан "жарылғыш зат" туралы хабарлама берген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментінің терроризмге қарсы орталығымен бірлесіп, Атырау облысы Жылыой ауданының мектебінде жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жолдаған аудандық мектептің бірінің 9-сынып оқушысын анықтады.

Жасөспірім полицейлерге мессенджерде анонимді аккаунт ашып, одан дабыл сигналын жолдағанын айтты.

Оқушы Telegram-чатта құрдасымен әңгімелесу барысында сөзге келіспей қалғандықтан осындай әрекетке барған көрінеді.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ата-анасының үстінен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік материал жинақталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны