02.10.2024, 17:40 51776

Жетісу облысында атыс қаруын өткізу арнасы жойылды

Жетісу облысында атыс қаруын өткізу арнасы жойылды
А.ж. 20 қыркүйегінде ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратура және полиция органдарының көмегімен жергілікті тұрғындар ұйымдастырған атыс қаруын өткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Қазақстанның 3 азаматы ұсталып, олардан 5 атыс қаруы және әр түрлі калибрдегі 128 патрон алынды.

2 бірлік қарудың 2022 жылғы "қаңтар" оқиғасы кезінде қару сататын дүкендерден ұрланғаны белгілі болды.

Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамдардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны