16.01.2024, 11:26 24561

Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті

Жетісу облысында аудандық мәслихат депутатын өлтіріп кетті
Сурет: Depositphotos
Алакөл аудандық мәслихатының депутатын Жетісу облысы Үшарал қаласындағы құрылыста өлтіріп кетті.

15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан объектіледің бірінде мас күйіндегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен",- деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.  


Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Сонымен қатар, жәбірленуші алған жарақаттан жедел жәрдем каретасында қайтыс болды.

Ұсталған ер адам Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны