12.01.2024, 23:01 44436

Жетісуда деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткімен ұсталды

Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 кг 722 грамм марихуана екенін көрсетті
Жетісу полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.

Ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.


Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 кг 722 грамм марихуана екенін көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны