29.11.2024, 11:09 1271

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Көкшетау қаласы прокуратурасының принципиалды ұстанымы нәтижесінде бұрын қалалық полиция тоқтатқан жас қыздың асылып өзін-өзі өлтіруіне қатысты қылмыстық іс қайта жалғасты.

Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылды, ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтіре алды.

Тергеу нәтижесінде "И" азаматы Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйелі "С"-ке физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл - оның өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына әкелді.

И" азаматының әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды.


ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

14.10.2024 жылы "И" азаматына қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны