27.06.2022, 16:47 15391

Биыл Ақмола облысында шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Биыл Ақмола облысында шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Фото: ОКҚ
КӨКШЕТАУ. 27 МАУСЫМ - Соңғы 3 жылда Ақмола облысында жыл сайын кемінде 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Өткен жылы 600 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, шамамен 5 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Биыл барлық қаржыландыру көздерінің есебінен шамамен 700 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, яғни 5 мыңнан астам отбасы пәтер алады. Құрылыс қарқыны одан әрі артады", - деді Е.Маржықпаев.

 

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      В Алматы планируют снести историческое здание по улице Досмухамедова, в котором сейчас располагается интернат для одаренных в спорте детей. Здание получило мировое признание и вошло в каталог конструктивизма. Считаете ли вы необходимым снос здания?