30.05.2022, 14:39 21261

Ақмола облысында 17,4 мың гектар жерге картоп отырғызу жоспарлануда

Ақмола облысында 17,4 мың гектар жерге картоп отырғызу жоспарлануда
Фото: Depositphotos
Depositphotos
КӨКШЕТАУ. 30 МАМЫР - Ақмола облысында биыл халық санын ескере отырып, 17,4 мың гектар алқапқа картоп егу жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Халық санын ескере отырып, картоп 17,4 мың гектар, көкөніс 2,7 мың гектар алқапқа орналастырылады деп жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда тиісінше 2240 гектар және 410,2 гектарға жоғары", - делінген Ақмола облысы әкімдігінің сайтында жарияланған құжатта.

 
Сондай-ақ, ағымдағы жылы егіс алқаптарының алдын ала құрылымы бойынша облыс 5,1 млн гектар алаңда жаздық егіс жүргізуді жоспарлап отыр, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 57,2 мың гектарға жоғары, оның ішінде:
 
- 4,6 млн гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдары егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мың гектарға артық;
 
- майлы дақылдар – 282,8 мың га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5 мың га жоғары;
 
- жаздық мал азықтық дақылдар, оның ішінде жүгері – 184,6 мың гектар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1 мың гектарға артық.
 

2022 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша, дәнді және дәнді–бұршақты дақылдар – 1402,0 мың гектар (немесе жоспардан 30,4%), майлы дақылдар – 172,8 мың гектар (немесе жоспардан 61,1%), жүгері есебімен азықтық дақылдар - 82,4 мың гектар (немесе жоспардан 44,6%), картоп 12,7 мың гектар (немесе жоспардың 73,2%), 1,6 мың гектарға көкөніс (немесе жоспардың 59,4%)", - делінген құжатта.

 
Бұдан басқа, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде АШТӨ 19,3 млрд теңге сомасына 589 бірлік техника сатып алды.
 

Астық жинайтын комбайндар - 6,5 млрд теңге сомасына 65 бірлік, тракторлар - 5,6 млрд теңге сомасына 134 бірлік, сепкіштер - 183,4 млн теңге сомасына 130 бірлік, егіс кешендері - 4,0 млрд теңге сомасына 65 бірлік және өзге де техника - 3,0 млрд теңге сомасына 195 бірлік", - делінген мәтінде.

 
Биылғы жылдың егіс науқанына шамамен 14,8 мың трактор, 16,4 мың тұқым сепкіш және 1,4 мың өнімділігі жоғары егіс кешендері қатысуда.
 

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 100%-ды құрайды", - делінген құжатта.

 
Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      С марта Казахстан перевели на единый часовой пояс. По сравнению с аналогичными показателями прошлого года тарифы на электроэнергию в Казахстане выросли примерно на 20%. Стали ли вы платить больше за электричество после перехода единый часовой пояс?