24.05.2022, 16:48 22516

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру артты

Depositphotos
КӨКШЕТАУ. 24 МАМЫР - Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 4 айда 1,2%-ға өсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ақмола облысы бойынша 2022 жылғы қаңтар - сәуір аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 90 771,2 млн теңгені құрады (НКИ - 101,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 796,8 млн теңге (НКИ - 100%), мал шаруашылығы - 89 968,9 млн теңге (НКИ - 101,2%)", - делінген Ақмола облысы әкімдігінің сайтында жарияланған құжатта.

 
Облыста барлығы 8851 агроқұрылым бар, оның ішінде: 1892 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, БП, ӨК), 899 - жеке кәсіпкерлер, 6060 - шаруа-фермер қожалықтары.
 
2022 жылдың қаңтар - сәуір айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 23,2 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 77,5% құрады.
 
Бұдан басқа, 2022 жылғы қаңтар - наурызда ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 348,1 мың тоннаны немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 101,0%–ды құрады, ақшалай мәнде - 110,9 млн АҚШ долларын немесе 105,4%-ды құрады.
 
Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 27,7%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 398,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 110,5 мың адам).
 
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 2022 жылы АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі 32,4 млрд теңгені құрайды.
 
Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 12,1 млрд теңге (ӨҚҚ қолжетімділігін арттыруға - 8 151,2 млн теңге, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға - 3 171,4 млн теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға - 789,0 млн теңге) бөлінді.
 
- Мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау - 4,7 млрд теңге.
 
Мал шаруашылығын дамытуды қолдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау.
 
- Инвестициялық салымдарға және қайта өңдеуді субсидиялауға - 11,3 млрд теңге (инвестициялық салымдарға - 10 653,7 млн теңге, қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялауға - 697,8 млн теңге).
 
- Қаржылық сауықтыру және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу - 4,3 млрд теңге (қаржылық сауықтыру - 43,5 млн теңге, лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу - 4 279,8 млн теңге).
 

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      С марта Казахстан перевели на единый часовой пояс. По сравнению с аналогичными показателями прошлого года тарифы на электроэнергию в Казахстане выросли примерно на 20%. Стали ли вы платить больше за электричество после перехода единый часовой пояс?