05.07.2022, 15:45 21901

Ақмола облысында бизнесті қолдау кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда

Ақмола облысында бизнесті қолдау кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда
Фото: Depositphotos
КӨКШЕТАУ. 5 ШІЛДЕ - Ақмола облысында бизнесті қолдау 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Басқарманың мәліметінше, бизнесті қолдау Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жүргізілуде.
 
Осы жобаның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін екі жарым есеге арттыру, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайту арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді құру және отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету болып табылады.
 
Сонымен қатар, өңірде бизнесті қолдау "ДАМУ" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ несиелеу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
 
Ақмола облысында 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 56,4 мың бірлікті құрады (2021 жылғы наурызға 104,3%).
 
Өңірде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 50,4 мың бірлікті құрайды (2021 жылғы наурызға 106,4%).
 

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 89,4 пайызды құрады", - деп атап өтті Ақмола облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасында.

 
ШОК субъектілерінің 2022 жылғы 1 маусымдағы құрылымы: 
 
  • шағын және орта кәсіпкерлік - 8 817 бірлік; 

  • жеке кәсіпкерлер-35 410 бірлік; 

  • шаруа (фермер) қожалықтары - 6 172 бірлік.
 
Бұған дейін Президенттің тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша 1,8 трлн теңге бөлінетіні хабарланған болатын.
 
Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      С марта Казахстан перевели на единый часовой пояс. По сравнению с аналогичными показателями прошлого года тарифы на электроэнергию в Казахстане выросли примерно на 20%. Стали ли вы платить больше за электричество после перехода единый часовой пояс?