Kazakhstan Today ақпараттық агенттiгiнiң баспасөз орталығы Баспасөз ақпарат құралдары үшiн түрлі шаралар өткiзеді.
Баспасөз орталығының заман талабына сай жабдықталған залы мен шұғыл қызмет көрсетушi қызметкерлер құрамы бар. Орталық әр тараптың сұранысына сәйкес көзқарас ұстанып, қолайлы баға ұсына алады.
Баспасөз орталығында болатын баспасөз мәслихаттары туралы алдын-ала хабарландыру ақпарат пен болып өткен баспасөз мәслихаты жайындағы хабарламалар Kazakhstan Today ақпараттық агенттiгiнiң лентасында жарық көрiп отырады. Ал бұл лентаның тұтынушылары қазақстандық және шетелдiк БАҚ-тар, ақпараттық агенттiктер, iрi компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттiк құрылымдары екенi мәлiм.
Kazakhstan Today ақпараттық агенттiгiнiң баспасөз орталығында жоспарлы баспасөз мәслихаттары, брифингтер мен дөңгелек үстелдермен бiрге шұғыл баспасөз мәслихаттары да ұйымдастырылып өткiзiледi.
Жаңалықтар лентасының болуы арқасында ұйымдастырылған баспасөз мәслихаттары туралы ақпараттар Интернет желiсiнде, KZ-today ақпараттық агенттiгiнiң жаңалықтар таспасында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жедел жарық көредi.Алдағы уақытта баспасөз мәслихаттарын Интернет желісі арқылы тікелей web-трансляция тәсілімен тарату межеленіп отыр.
Баспасөз мәслихаттарының стандартты қоржыны
1.Ақпараттық сылтау-себептi әзiрлеп дәйектеу
2.Тақырыпқа мониторинг жүргiзу (белгiленген тақырып бойынша жекелеген БАҚ-тарды қызықтыратын сауалдарды әзiрлеу)
3.Баспасөз баянының мәтiнiн әзiрлеу
4.Баспасөз баянын қазақстандық БАҚ-тар мен шетелдiк ақпараттық агенттiктердiң өкiлдiктерiне тарату
5.Өтетiн баспасөз мәслихаты туралы БАҚ-тарды хабардар етiп, қатысуға шақыру
6.Баспасөз мәслихатын өткiзу
7.Баспасөз мәслихатының нәтижесi бойынша жарық көрген материалдарға мониторинг жүргiзу
8.Жарияланған материалдар бойынша есеп әзiрлеу
9.Баспасөз мәслихатының материалдарын www.kz-today.kz интернет-порталында жариялау
Шұғыл баспасөз мәслихаты оқиғадан кейiн 1-2 сағат ішінде (баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылардан өтiнiш түсуге байланысты) ұйымдастырылады.
Өткен баспасөз мәслихаты туралы материалдар барлық жетекшi БАҚ-тарға, олардың баспасөз мәслихатына қатысқан, қатыспағанына қарамастан толық таратылады.
Ұйымдастырылған баспасөз мәслихаттары туралы ақпараттар Kazakhstan Today ақпараттық агенттiгiнiң жаңалықтар таспасында жарияланады. Ал баспасөз мәслихатында бейнетаспаға түсiрiлген жазбалар “Хабар”, “ОРТ-Қазақстан”, КТК, НТК, “Caspionet” т.б. телеарналардың ақпараттық қызметтерiне жолданады.