24.07.2015, 19:41 637

Қазақстандық десантшылар Ми-17 тікұшағынан парашютсіз түсуді орындады

Бүгін 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасыныӊ әскери қызметшілері Астана маӊында Ми-17 тікұшағынан арқан арқылы түсуді орындады. Оқу жаттығуын 120 десантшы орындады, бұл ретте оныӊ 60-ы парашютсіз десанттауды алғаш рет орындады

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасыныӊ әскери қызметшілері Астана маӊында Ми-17 тікұшағынан арқан арқылы түсуді орындады. Оқу жаттығуын 120 десантшы орындады, бұл ретте оныӊ 60-ы парашютсіз десанттауды алғаш рет орындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Десанттық-шабуылдау бригадасында айтқандай мұндай секірулер ұрыс алаӊында десанттаудыӊ, жүкті жеткізудіӊ, қол жетпес жерден зардап шеккендерді көшірудіӊ еӊ жылдам тәсілдерініӊ бірі болып табылады. Иуе кемесі, бұл жағдайда Ми-17 тікұшағы 10-15 метр биіктікке түсіріледі, шығарылған арқан арқылы әскери қызметшілер бірінен кейін бірі берілген ауданға шоғырланады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мұндай түсуді орындау үшін жауынгерлердіӊ дене даярлығы жақсы қалыпта болуы тиіс. Дәрменді қол мен білекті иық, өзініӊ денесіне толыққанды ие болу, моральдық және психологиялық әзірліксіз арқан бойынша шоғырлану мүмкін емес.

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерініӊ 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасында парашютсіз десанттау 2013 жылдан бастап іс жүзінде сәтті қолданылып жүр. Десантшылар арқанмен немесе парашютпен болсын аптасына бір рет секіреді. Ирбір жаттығуды жасамас бұрын психологиялық тест және секіру элементтерініӊ жерүсті пысықтауды тапсырады.

Күрделілік дәрежесі бойынша арқан арқылы түсу қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым түрі жердегі желдіӊ жылдамдығы 10 м/с көп емес дайындалған алаӊда күндіз орындалады. Күрделісі орманды жерге, суға, мұзға, теӊіз кемесі немесе қайығына, ғимарат шатырына, сондай-ақ түнде желдіӊ жылдамдығы 10 м/с көп болған кезде құтқару керек-жарағымен орындалады.

Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      С марта Казахстан перевели на единый часовой пояс. По сравнению с аналогичными показателями прошлого года тарифы на электроэнергию в Казахстане выросли примерно на 20%. Стали ли вы платить больше за электричество после перехода единый часовой пояс?