01.03.2022, 11:28 106361

Оралов назвал основные направления программы по модернизации партии Nur Otan

Оралов назвал основные направления программы по модернизации партии Nur Otan
Фото: instagram_nur_otan
НУР-СУЛТАН. 1 МАРТА - Исполнительный секретарь партии Nur Otan Асхат Оралов перечислил основные направления программы по модернизации партии, передает KAZAKHSTAN TODAY.
 
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
 
Құрметті делегаттар!
 
Сіздің тапсырмаңызды орындау мақсатында партия жұмысына кешенді талдау жасалды. Қоғамдық пікір мен сарапшылардың ұстанымы зерттелді. Аймақтардағы партияластардан ұсыныстар жиналды.
 
Халықты толғандыратын өткір мәселелерге, "Nur Otan"-ға қатысты қоғамдық сынға жүйелі сараптама жасалды.
 
Адалдық пен әділдік, нәтижелі жұмыс пен жауапкершілік, жеделдік пен ашықтық - қазіргі таңда қоғамның партияға және оның әрбір мүшесіне қойып отырған басты талабы.
 
Осыған орай, партияны модернизациялау бағдарламасының жоспары дайындалды, оның негізгі бағыттарын айтып беруге рұқсат етіңіздер.
 
Бірінші. Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру қажет деп санаймыз.
 
Ең әуелі партия жанындағы қоғамдық кеңестердің құрылымын қайта жасақтау керек. Сандық емес, сапалық көрсеткіш маңызды. Кейбір кеңестерде салалық мәселелер бойынша көтеретін сұрақтар тым ұқсас болғандықтан оларды біріктіруді ұсынамыз.
 
Республикалық деңгейде - 9, аймақтарда - 8, аудандарда - 5 кеңестен қалдырған жөн. Ел аумағы бойынша кеңестер саны 700-ге қысқарады.
 
Бұған қоса олардың құрамы да жаңартылады. Белсенділігі төмен кеңес мүшелерінің орнына елдің сөзін сөйлейтін тұлғаларды тартамыз. 
 
Кеңестер отырыстарын барынша ашық, онлайн форматта өткіземіз. 
 
Осылайша билік, партия мен азаматтық қоғам арасындағы жан-жақты диалогтың жаңа мәдениетін қалыптастырамыз.
 

В общественные приемные будет внедрен сервисно-ориентированный подход. Заявители смогут в онлайн режиме отслеживать ход исполнения своего обращения. Будет разработана система мониторинга жалоб и запросов граждан в новых медиа с последующей интеграцией в партийную экосистему", - рассказал секретарь партии.

 
Кроме того, будет введена практика регулярных выездов общественной приемной в отдаленные населенные пункты. К этой работе будет привлечен партийный актив - депутаты парламента и маслихатов, члены политсовета, руководители филиалов. 
 

Это позволит перевести всю работу в проактивный формат, обеспечив максимальный охват населения", - заверил Оралов. 

 
Второе. Надо усилить работу по укреплению партийных рядов на местах. 
 

Первичные партийные организации - это основа партии. Сейчас их количество составляет свыше 4,5 тысяч. Планируется укрупнение ППО, создав "окружные первички". Предлагается внедрить оценку и рейтинг председателей ППО для повышения их активности, мобильности и ответственности. С целью поддержки инициатив первичек предлагается внедрить практику возврата 20% от партийных взносов в ППО для реализации партийных проектов на местах", - сказал он. 

 
Өзіңіз айтып өткен кадрлық жұмысты жолға қою мақсатында жаңа Қазақстанды құруға қабілетті, халыққа адал қызмет ететін саясаткерлердің жаңа буынын дайындауға ден қоямыз.
 
Партияның Саяси менеджмент мектебінде биыл 3 мыңнан аса партияласты, оның ішінде депутаттарды, ауыл әкімдерін, бастауыш партия ұйым мүшелерін саяси менеджмент пен коммуникацияның жаңа форматтарына үйрететін кешенді оқыту жүргізіледі.
 
Үшінші. Партияның жұмысы барынша ашық болуы тиіс деп санаймыз.
 
Бүгінгі таңдағы қоғамның аса өзекті сұраныстарының бірі - партияның ашықтығы және халыққа жақын болуы.
 
Пилоттық жоба ретінде мәслихаттардағы "Nur Otan" депутаттарының рейтинг жүйесі толықтай сынақтан өтті. Оның нәтижесін жұртшылыққа жария етуді ұсынамыз.
 
Мұнымен қатар, партиялық мобильді қосымша іске қосылады. Онда азаматтар партияның жұмысы туралы жедел ақпарат алып, қоғамдық маңызды мәселелерге байланысты түрлі сауалнамаларға қатысып, өтініш пен ұсыныс-тілектерін қалдыра алады.
 
По словам секретаря партии, уже в этом месяце на базе Института общественной политики предлагается открыть постоянно действующую диалоговую площадку TALQYLAU, где будут вырабатываться предложения по вопросам, волнующим население.
 

Более того, предлагается запустить партийный пресс-центр с регулярными брифингами депутатов парламента и маслихатов, партийных членов правительства и местных исполнительных органов на базе Холдинга Nur Media. Данные инициативы будут реализованы в рамках единой концепции "Открытая партия", - сказал он.

 
Четвертое. Необходимо усилить партийный контроль. 
 

Ответственность остается одним из главных стратегических приоритетов партии. Особый акцент должен быть сделан на качественное и своевременное исполнение предвыборных обещаний. В апреле по итогам ревизии исполнения республиканской предвыборной программы предлагается провести расширенное заседание фракции в мажилисе, где будет заслушан отчет премьер-министра. Далее предлагаем провести аналогичную работу в регионах. Считаю необходимым ввести это в практику на системной основе", - сказал партиец. 

 
Более того, предлагается закрепить социально чувствительные разделы Дорожной карты за каждым членом бюро, а конкретные индикаторы - за членами политических советов партии на всех уровнях. 
 
В комплексе данные меры повысят персональную ответственность руководства партии на всех уровнях.
 
Бесінші. Қазіргі таңдағы өзгерістерге сай партияның басты бағдарламалық құжаттарын қайта қарау қажет деп ойлаймыз.
 
Ең әуелі партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек. Партияның және оның филиалдары Төрағасының бірінші орынбасары қызметінің орнына атқарушы хатшы қызметі енгізіледі.
 
Партияның стратегиялық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу де өте маңызды. Қазіргі күні арнайы жұмыс тобы "Nur Otan" партиясының 2030 жылға дейінгі "Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты" және 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларын қайта қарауға кірісті. 
 
Шестое. Партийцы считают важным использовать стратный подход в работе с населением. К действующим партпроектам с учетом актуальных запросов населения предлагается запустить ряд новых проектов. 
 

Проект ТазаLike будет направлен на формирование экологического мышления и развития экокультуры в обществе. Проактивность и превентивность будут лежать в основе проекта "Әлеумет" по скринингу общественных настроений и определению потенциальных очагов социальной напряженности. Благодаря этому мы сможем предлагать наиболее эффективные пути решения проблем. Одновременно запустим проект "30 инновационных идей для Нового Казахстана" для краудсорсинга предложений от экспертов и активных граждан", - заверил Асхат Оралов.

 
Жетінші. "Jas Otan" жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғырту аса маңызды.
 

Jas Otan" қатарына жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшыларды тартамыз.

 
Ауыл жастарына арналған "Өрлеу" атты жаңа партиялық жобасын ұсынамыз. 
 
Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылады. 
 
Бұдан бөлек, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын "Қайсар" атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылады. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық беріледі. 
 

Для реализации потенциала креативных молодых партийцев запустим проект "Партийная контент-фабрика". Кроме того, уже начат комплексный анализ по определению проблемных вопросов молодежи, в том числе категории NEET, а также методов и мер по их социализации. По итогам этой работы будет разработана новая молодежная программа, которая будет принята на форуме Jas Otan. Данные стратегические подходы позволят на практике реализовать поставленные вами задачи по трансформации партии", - отметил секретарь. 

 
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
 
Құрметті делегаттар!
 
Бұл айтылған ұсыныстар - партияның модернизациясына арналған стратегияның негізгі бағыттары. Барлық өзгерістер партияның Ел үшін атқаратын қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған.
 
Біз қоғамдағы ел игілігі үшін жұмыс істейтін конструктивті күштердің басын қосып, Жаңа Қазақстанды құруға бар күш-жігерімізді саламыз!
 
Назарларыңызға рахмет!
 
Нашли ошибку в тексте?

Выделите ошибку и одновременно нажмите Ctrl + Enter


Если Вы располагаете информацией по теме данного материала, отправляйте нам видео или новости на почту.

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      С марта Казахстан перевели на единый часовой пояс. По сравнению с аналогичными показателями прошлого года тарифы на электроэнергию в Казахстане выросли примерно на 20%. Стали ли вы платить больше за электричество после перехода единый часовой пояс?