27.09.2022, 15:41 21446

ҚР ІІМ шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты

ҚР ІІМ шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 27 ҚЫРКҮЙЕК - Шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтты.
 
Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара – шетелдік автокөліктерді заңдастыру. 
 
Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99%). 
 

Оларды Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең – барлық қажетті құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу", – деді министр.

 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны