17.11.2022, 10:45 15496

Қазақстанда ӘМАТ-қа сауда үстемесін төмендету туралы 130 меморандумға қол қойылды

Меморандумдарға "Магнум", "Small", "Анвар", "Астықжан", "Вкусмарт", "ФерМаг", "Ақмол" сынды ірі сауда желілері қол қойды.
Қазақстанда ӘМАТ-қа сауда үстемесін төмендету туралы 130 меморандумға қол қойылды
Астана. 17 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10%-ға дейін төмендету туралы меморандумдар жасасуды жалғастыруда. Ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша Республикалық маңызы бар барлық өңірлер мен қалаларда 130 меморандум жасалды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Меморандумдарға "Магнум", "Small", "Анвар", "Астықжан", "Вкусмарт", "ФерМаг", "Ақмол" сынды ірі сауда желілері қол қойды.
 

Меморандумдарға қол қою баға белгілеудегі маңызды кезең болып табылады, заңнамада белгіленген 15% мөлшеріндегі сауда үстемесі меморандум шеңберінде 10%-ға дейін төмендейді. Бұл тұрғындарға меморандумдар жасасқан Қазақстанның ірі сауда желілерінен сауда маркасы төмендетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Сауда министрлігінде.

 
Баспасөз қызметінде атап өткендей, ҚР СИМ Сауда комитетінде негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу динамикасының деректерін талдаудың ашықтығын арттыру үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейді: тұрғындардың ӘМАТ тізбесіне кіретін өнімдерге жоғары бағаға өтініштерін қабылдау үшін call-орталық қызмет етеді. Шағымдар Facebook, Sauda_komiteti және sauda_inform Instagram әлеуметтік желілеріндегі Министрліктің ресми аккаунттары арқылы да қабылданады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдер жыл басынан бері 20%-ға қымбаттады.
 
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Үкімет пен Ұлттық Банктің инфляцияны тежеу жөніндегі жұмысын сынға алған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны