10.04.2023, 09:44 21886
Елорда тұрғындарынан электр қуаты үшін артық төлемдер алынды: прокуратура тексеруді бастады
Достарға айту
"Астана-АЭК" АҚ электр энергиясының көлемін қайта бөлді
Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылы әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін артық төлемдерді алу туралы жарияланымдар жиілеп кетті. Бұл мәселе қала прокуратурасында уәкілетті органдардың, әкімдіктің және қызмет көрсетушілердің ("Астана-АЭК" АҚ және "Астанаэнергосбыт" ЖШС) қатысуымен талқыланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымнан деректерді қабылдап-жинақтаудың тиісінше ұйымдастырылмауына байланысты тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмегені анықталды. Көптеген астаналықтарға орташа тәуліктік көлемді есептеген. Осылайша есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған. Нәтижесінде қала тұрғындарына үлкен мөлшерде есепшоттар келген. Мән-жайды анықтау үшін азаматтар "Астана-АЭК" АҚ мен "Астанаэнергосбыт" ЖШС-нің "табалдырықтарын тоздыруға" мәжбүр болған. Шектелмеген адамдар тобы құқықтарының бұзылуын ескере отырып, қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді", - деп хабарлады прокуратура.
Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды.
Қазіргі уақытта "Астана-АЭК" АҚ бірнеше он мыңдаған абоненттерге электр энергиясының көлемін қайта бөлді. Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасуда және ол прокуратураның бақылауында", - деп атап өтті ведомствода.
Сондай-ақ электр энергиясы үшін артық төлемдер бөлігінде тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар мен ұйымдар Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі қалалық департаментке өздігінен жүгіне алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.05.2024, 12:06 7941
Fitch Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады
Достарға айту
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттікрейтингін "BBB" деңгейінде екенін растады, болжам "Тұрақты", деп мәлім етті ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын іргеліфакторлардың қатарында елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақтыфискалдық позиция, мемлекеттік борыштың төмендеңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташаұшырау атап өтіледі.
Fitch Ratings сарапшылары валюталықрезервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақимпорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шоттапшылығының қысқаруын болжайды.
Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуіншектейтін жаңа фискалдық ережелер және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерсалық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.
Сондай-ақ, Fitch қайталама санкциялар салудың және олардың ҚР экономикасына ықпалының салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.05.2024, 11:28 13506
Қытайда алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжун 16 мамырда Астанада өткен екіжақты кездесуде ынтымақтастықты жандандыру үшін ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Негізгі мәселелердің ауыл шаруашылығына қатысты болды. Тараптар кедергісіз сауда жолындағы елеулі қадамдарды атап өтті. Бірінші кезекте, 2024 жылғы ақпанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға ет өнімдерін экспорттауға қатысты аусыл бойынша шектеулерді алып тастау. Бұл Қазақстанға ҚХР-ға жоғарғы сападағы мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік берді.
Қытайлық бизнесмендерді Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және терең өңдеу, оның ішінде өндірістік кооперация қағидаттары бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыруға шақырамыз. Біз дәнді және майлы дақылдарды, ет, құс шаруашылығы, сүт және балық өнімдерін, бал, жемшөп және басқа да азық-түлік түрлерін экспорттауға дайынбыз", - деді Серік Жұманғарин ҚХР делегациясына.
Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың бірі - бидай. 2023 жылы Қытайға 592 мың тонна, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 220 мың тонна бидай экспортталды. Сонымен қатар соңғы 5 жылда Қазақстаннан Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты 4,6 есеге, атап айтқанда, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.
Соңғы 5 жылда Қазақстаннан Қытайға бидайдан басқа да өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4,6 есеге, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.
Дәнді дақылдарды жеткізудегі ынтымақтастықты нығайту жолындағы елеулі қадам 2024 жылғы маусымда ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өтетін алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы болмақ. Оған астық экспорты/импорты мен оны қайта өңдеу өнімдерін реттеуге қатысатын екі елдің қазақстандық және қытайлық бизнесінің, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік компанияларының өкілдері қатысады.
Кездесуде қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен кіші комитет құруды ұсынды. Бұл екі елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін неғұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кіші комитет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ауыл шаруашылығы және көлік министрліктері, ҚТЖ, ҚХР Бас кеден басқармасы және Қытай темір жол әкімшілігі қызметкерлерінен тұратын бірлескен жұмыс тобын құру ұсынылды, ол туындаған мәселелерді жедел және дәйекті түрде шешетін болады.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар көлік және логистика, электрондық коммерция, су үнемдеу, мәдени-гуманитарлық қатынастар және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 16:53 17496
Қазақстан мен Германия бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі
Достарға айту
Қазақстан мен Германия АӨК, ТМК, энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзердің қатысуымен Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысы өтті.
Сондай-ақ шараға мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, CLAAS, CT AGRO GmbH, Knauf International GmbH, Atlas International GmbH секілді Германияның жетекші компанияларының басшылары қатысты.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өзінің алғы сөзінде Германияның еліміздің Еуропалық одақтағы ең маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан Германияның 50 жетекші сыртқы сауда серіктестерінің қатарына енді, осылайша бірден 10 позицияға көтерілді.
«Республикамыздағы инвестициялар қауіпсіздігі мен жоғары саяси тұрақтылықты мойындаудың маңызды белгісі – Германия Федералды үкіметінің Қазақстанды ынтымақтастық орнату үшін инвестициялық кепілдіктер берудің жеңілдікті тәртібі қолданылатын 34 мемлекеттің тізіміне қосуы болды», — деді Р. Скляр.
Өз кезегінде Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі екенін баса айтты. Ол неміс делегациясының Қазақстанға агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургиясы, энергетика, көлік және логистика салаларында нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруды уағдаласу мақсатымен келгенін ерекше атап өтті.
«Германия шетелде серіктестерді белсенді іздеуде, осы орайда Қазақстан ынтымақтастықты кеңейтудің басым бағыты болып саналады. Біз қосылған құны жоғары өнім шығарғымыз келеді және Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік жобаларды дамытуға үлес қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы.
Кездесу барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Михаэль Хармс, Орталық Азиядағы неміс экономикасы Сыртқы сауда, ілгерілету және қаржы департаментінің басшысы Ховсеп Восканян, Германия Федеративтік Республикасының Экономика және климатты қорғау федералды министрлігінің басшысы Герлинд Хекман және т. б. қатысты.
Сонымен қатар Р. Скляр құрамына 15 неміс компаниясының басшылары кіретін неміс экономикалық делегациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар пікір алмасып, ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтап, экономиканың түрлі салаларындағы әріптестікті тереңдетудің ықтимал жолдарын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 12:49 21511
Хасенов "ҚазМұнайГаз" басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Достарға айту
ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының м. а. тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін Басқарма төрағасының міндетін атқару жүктелген.
Сондай-ақ, Қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.
Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.
- Еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған.
- 2006-2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды.
- Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.
- 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
- "Құрмет" орденімен марапатталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2024, 09:56 27771
Қазақстанда көкөністердің бағасы өсті: Жұманғарин былтырғы егіннің барлық қалдықтарын сатуды тапсырды
Достарға айту
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қазіргі жағдайы мен олардың қолжетімділігіне қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының орташа өсім индексі 0,3% құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайыздық тармаққа төмен.
Тоғыз өнім бойынша 0,1%-2,8% шегінде бағаның төмендеуі байқалады, атап айтсақ: ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, сары май, айран, сүзбе, қырыққабат, қант және жұмыртқа.
Дегенмен, статистика бойынша маусымаралық кезеңде және ерте піскен көкөністер сатылымға қойылған кезде пияз, картоп, сәбіз бағасының біршама өскені байқалады.
ҚР АШМ деректеріне сүйенсек, өңірлердің тұрақтандыру қорларында былтырғы өнімнен қалған 76,4 мың тонна көкөніс бар, нақтырақ айтсақ: 45,5 мың тонна картоп, 11,2 мың тонна сәбіз, 10,4 мың тонна пияз, 9,1 мың тонна қырыққабат. Өзбекстан мен Тәжікстаннан және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен ерте піскен өнім жаппай түскенге дейін көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін Серік Жұманғарин қысқа мерзім ішінде былтырдан қалған барлық өнімді сатыпды тапсырды.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, 12 өңір "Qaztrade" сауда саясатын дамыту орталығының көмегімен импорттық көкөністерді жеткізуге Тәжікстан мен Өзбекстанның мемлекеттік кәсіпорындарымен шарт жасасқан. Сонымен қатар әкімдіктер Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының өндірушілерімен 29,6 мың тонна ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарт жасасты.
Бұған қоса, кеңес барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі көкөніс сақтау қоймалары мен азық-түлік қоймаларының жағдайына ерекше назар аударылды. Әкімдіктердің мәліметінше, қазіргі уақытта бірде-бір қойма мен оның ішіндегі өнімге су тасқынынан залал келген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.05.2024, 11:24 60586
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
Достарға айту
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің бапасөз қызметінен.
Энергопоток" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін яғни 12,4%-ға төмендету туралы өтінішін жолдады.
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі. Жалпы облыс бойынша 32 000-дан астам абонентке (заңды және жеке кәсіпкерлер) тариф төмендетіледі.
Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК-ның аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.
Еске сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізді.
Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге ("Энергопоток" ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифтің өзін төмендетуге әсер етті.
Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз алу үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына "Энергопоток" ЖШС-мен тиісті шарт жасасу ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 11:29 66151
Ұлттық Банк мамыр айында Ұлттық қордан 850 млн долларға дейін сатуды жоспарлап отыр
Достарға айту
Сәуір айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1,1%-ға, яғни 1 АҚШ доллары үшін 442,05 теңгеге дейін нығайды. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 225 млн АҚШ долларынан 234 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,1 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметінен.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде 1 056 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 21%-ын және күніне 48 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтағы бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын біркелкі қалыпта сатуды білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық Банк сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржадағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын құрады.
Ұлттық Банк сәуірде валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы мамырда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 750 млн АҚШ долларынан 850 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.
2024 жылғы мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 450 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу көзделген.
Ұлттық Банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2024, 16:50 77676
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайтуға ниетті
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр.
Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Қазақстан - Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге - $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды.
Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құрамда өтті және ынтымақтастықты нығайту әрі сауда ағындарын әртараптандыру шараларына арналды. Сондай-ақ Қазақстанның шамамен құны $190 млн болатын 85 тауар позициясы бойынша экспортты арттыруға дайындығы атап өтілді.
Үкіметтік делегациялар өнеркәсіп кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, экспортқа бағдарланған жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті.
Қазақстанның мол тәжірибесін ескере отырып, Тәжікстан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанда тәжік темір жолдары үшін темір жол техникасын шығаратын ірі өндірістік әлеует бар. Ақтөбе зауыты рельс арқалық өнімдерін жеткізуде ынтымақтастық орнатуға дайын. Сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын локомотивтердің, тепловоздардың, бағыттамалық бұрмалардың, трансформаторлардың, ауыл шаруашылығы техникаларының, аккумуляторлардың, автокөлік құралдарының экспорт көлемін арттыру мүмкіндігі зор.
Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе - жыл сайын нығайып келе жатқан әрі өзара түсіністіктің жоғары деңгейімен сипатталатын су саласындағы ынтымақтастық. Екі ел қабылдап жатқан бірлескен іс-шаралар вегетациялық кезеңде "Бахри Точик" су қоймасының қажетті жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда төрағалық ету жыл басынан бері Тәжікстаннан Қазақстанға ауысқан Халықаралық Аралды құтқару қорын ұйымдастыру жұмыстары сөз болды.
Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылғы сауда көлемінің төмендеуінен кейін оң өсім серпіні байқалады. Осы жылдың екі айында АӨК өнімінің тауар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артып, $84,9 млн-ды құрады. Бұған қоса Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты құрылымын әртараптандыру байқалады. Саладағы қазіргі міндеттердің қатарында ұн жеткізу көлемін арттыру мәселесі бар. Ұн тарту өндірісі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да бағыттарда бірлескен жобалар құрудың келешегі зор.
Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы бар. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Тәжікстанға Smart Bridge, ИРБП (интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы), Smart Data Ukimet секілді "eGOV" электрондық үкіметінің меншікті ұлттық жүйелерін өрістетуге көмек көрсету бойынша жұмыстарын бастады. IT саласындағы нәтижелі ынтымақтастық екі ел экономикасын дамытуға және азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады.
Сонымен қатар тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Биыл Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу маңызды оқиға болмақ. Олжас Бектенов алдағы уақытта Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылуының маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары барлық бағыт бойынша екіжақты стратегиялық әріптестіктің жоғары серпінін сақтауға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
16.05.2024, 16:44Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады 16.05.2024, 17:43 94351Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды16.05.2024, 17:53 93931Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды16.05.2024, 11:47 75736Қазақстандағы су тасқыны: 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды17.05.2024, 11:24 71716Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
24.04.2024, 18:17 157851Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156151Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153131Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады22.04.2024, 16:42 132556Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады24.04.2024, 18:19 131571Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады