16.07.2021, 21:31 19295

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 1 млн-нан астам жалған теңге анықталды

Көп жағдайда номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік купюралар қолдан жасалады.
НҰР-СҰЛТАН. 16 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстанда қандай купюралардың жиі қолдан жасалатыны туралы айтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Көп жағдайда номиналы 2 000 және 5 000 теңгелік купюралар қолдан жасалады – олардың жалпы үлесі 65% және 19%. Қалған 16%-ы басқа номиналдағы банкноттар мен монеталарға тиесілі. Жалған ақшалардың көп бөлігі Алматы (228) мен Нұр-Сұлтанда (43) анықталды", - деді ҚР ҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаменті Банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының басшысы Асқат Мұқамадиев.

 
Ол қолдан ақша жасаушылар негізінен визуалды қорғаныш элементтерін имитациялайтынын атап өтті. Бір қарағанда, олар шын ақша сияқты болуы мүмкін, бірақ банкнотты мұқият зерделеп көрген кезде қолдан жасалғанын анықтай аласыз.
 

Түпнұсқа банкноттар айқын бейнелерімен ерекшеленеді, аңыздағы Самұрық құсы түріндегі су белгісі, номиналы, сондай-ақ жарық түсірген кезде анық көрінетін қорғаныш жібі бар", - деп нақтылады маман.

 
2021 жылдың алғашқы 6 айында Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер 1 млн теңгеден астам сомаға қолдан жасалған 336 ақша белгісін (333 банкнот пен 3 монета) анықтады. Былтыр осы кезеңде осындай 390 банкнот айналымнан алынған болатын. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны