26.04.2023, 13:04 33261

Кәріптастың ірі партиясын Қазақстаннан Қытайға әкетуге тырысқан

Кеден қызметкерлері "Қорғас" ХШЫО" ашылуының бірінші күнінде контрабанданы тапты
Кәріптастың ірі партиясын Қазақстаннан Қытайға әкетуге тырысқан
Сурет: Жетісу облысының әкімдігі
Талдықорған. 26 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының" кеден бекетінде жалпы салмағы 336 грамм кәріптас контрабандасы фактісі анықталды, деп хабарлайды Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

"Қорғас" ХШЫО" ашылуының алғашқы күнінде осы кеден бекетініде автокөлік тексеру түрінде кедендік бақылау жүргізу барысында ҚР азаматы басқарған автокөлік құралының багаж бөлімінен​ Қытайға Қазақстаннан жалпы салмағы 336 грамм болатын 9 дана​ болжам бойынша "кәріптас" тастарын​ әкету фактісінің​ заңсыз тасымалдау жолын кесті", - деп хабарлады МКД.


Қазіргі уақытта контрабандалық тауар асыл тастарды жіктеу және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін анықтау және кінәлі адамға қатысты түпкілікті шешім шығару үшін Орталық кеден зертханасына сараптама жасауға жіберілді.

Бағалы тастар екені расталса, кінәлі тұлға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, ал тауарлар тәркілену мүмкін.

Расталмаса, жеке тұлғаға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

2023 ж. 24 сәуірінен 3 жылдық қызметін тоқтатқаннан кейін "Қорғас" ХШЫО" кеден бекеті өз жұмысын қайта бастады.

Осыған байланысты МКД барлық азаматтар мен "Қорғас" ХШЫО" келушілерінен ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасын мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны