06.02.2024, 13:12 30241

Amanat Премьер-Министр лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынды

Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды
Amanat Премьер-Министр лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынды
Сурет: Akorda
Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының атынан Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Amanat" партиясының атынан Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны