24.08.2022, 16:05 12281

Қазақстанда вакцинацияланған халықты мониторингтеу үшін дерекқор құрылады

Ағымдағы жылы оған вакцинацияның басқа түрлерін де қосу жоспарланып отыр.
Қазақстанда вакцинацияланған халықты мониторингтеу үшін дерекқор құрылады
Сурет: ҚР ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Денсаулық сақтау министрлігінің отырысында медициналық ақпараттық жүйелердің интеграциясы мен инфрақұрылымын жақсарту туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

КВИ-ге қарсы вакциналанғандардың біріңғай дерекқоры құрастырылды. Ағымдағы жылы оған вакцинацияның басқа түрлерін де қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл функционал жүзеге асқан кезде, халықтың барлық ауру түрлеріне қарсы вакцинациялануына мониторинг жүргізуге, әсіресе вакцинаның бөлінісін есепке алуға мүмкіндік туады", – деп мәлімдеді Б.Есенбаев.

 
Сондай-ақ алдағы уақытта "Егов.Денсаулық сақтау" деп аталатын жаңа бөлім әзірленеді. Онда халық үшін донорлық статус, электронды рецепт, медициналық қарсы көрсетілім туралы дерек, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансеризация, госпитализация, вакцинация, зертханалық талдау мен аурухана қағазына қатысты мәліметтер орналастырылады.
 

Осылайша, денсаулық сақтауға қатысты барлық ақпарат бір бөлімде жинақталып, халыққа қолжетімді болады. Азамат өзінің медициналық дерегін тез іздеп тауып алады, сөйтіп медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеміз", – деп атап өтті вице-министр.

 
Ол өз сөзінде зертханалық талдаулар нәтижесін сақтайтын ортақ қорды кеңейту, индикаторларға онлайн-мониторинг, "Медициналық қарсы көрсетелім" модулін құру туралы айтып берді.
 

Медициналық ұйымдар арасында клиникалық деректерді алмасу сервисін жүзеге асыру клиникалық зерттеулер нәтижесіне жедел қол жеткізуге және қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді. Бұл шешім клиникалық деректі түрлі медициналық ақпараттық жүйелер арасында алмасу мәселесін шешеді", – деп атап өтті вице-министр.

 
Оның айтуынша, қазіргі кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай классифкаторы іске қосылуға таяу. Бірыңғай классификаторды дәрілік заттармен толтыру айдын аяғына дейін аяқталады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 579 617 адам, 2-ші компонентпен - 9 360 769 адам вакцинацияланды. 5 415 130 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны