20.10.2022, 10:48 32311

"АЗМК Group" басшысының кеңесшісі Ахметжан Шардинов 75 жасқа толды

"АЗМК Group" басшысының кеңесшісі Ахметжан Шардинов 75 жасқа толды
Астана. 20 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - "АЗМК Group" директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі Ахметжан Шардинов 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Оның басшылығымен Алматы көпір конструкциялары зауыты көпсалалы холдингке айналды.
 
Тәуелсіздік жылдары АЗМК (холдингтің бас компаниясы) Қазақстанның өңірлеріне де, көрші мемлекеттерге де өз өнімін жеткізе отырып, бүкіл Достастыққа танымал болды. Ахметжан Шардинов кәсіпорынды 30 жылдан астам басқарды.
 
Бүгінгі таңда "АЗМК Group" холдингі – бұл жыл сайын барлық көрсеткіштердің, соның ішінде бюджетке түсетін кірістердің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ірі компания. Табысты дамуының арқасында холдинг соңғы жылдары мемлекетке 5 млрд теңгеден астам салық аударды. Ал өндірісті жаңғыртуға жұмсаған меншікті қаражаты 2 млрд теңгені құрады.
 
Компаниялар тобының қызметі көпірлерді, жол өткелдерін, су өткізу құбырларын салу үшін құрама темірбетон құрылымдарын дайындаушы және жеткізуші ретінде "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тапсырыстарды орындауға бағытталған. Мысалы, АЗМК өз өнімдерін шетелдік мұнай-газ өндіруші компанияларына жеткізеді: "Теңізшевройл", "Аджип ККО", "ПФД", "Ерко КАТ", "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.", "NCOC" және т.б.
 
Екі мыңыншы жылдардың басында ол Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының филиалдарын құру бойынша үлкен жасампаз жұмыс жүргізді. Ахметжан Бәкрімұлы Шардиновтың Қазақстан халқының келісімі мен достығын нығайту ісіндегі қызметі назардан тыс қалған жоқ, ол 2010 жылы Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
 
Бұдан басқа, екі рет Алматы тұрғындары оны биліктегі өз өкілі етіп сайлады, ол төртінші және бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың депутаты мандатын иеленді.
 
Осы айтулы күндері зауыт ұжымы, әріптестері, достары, отбасы Ахметжан Шардиновты 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Погода

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны