17.02.2023, 12:21 51631

Депутат көші-қон процестерінің күшеюіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

Өңірлерде жұмыс орындарын құру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жақын арада орталық және жергілікті билік үшін басым міндет болуға тиіс
Депутат көші-қон процестерінің күшеюіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді
Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Парламенттік тыңдау барысында Сенат депутаты Серік Шайдаров еліміздің шекаралас аймақтарының әлсіз қоныстануы ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қатерлерге алаңдаушылық білдірді.

Кейінгі 10 жылда солтүстік, шығыс, орталық өңірлерден халық үздіксіз көшіп жатыр, деді Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Серік Шайдаров.

2010-2020 жылдар аралығында ішкі көші-қон ағыны есебінен халықтың өсуі Ақтөбе облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Аталған өңірлерде ел халқының 36%-ы тұрады. Сонымен қатар, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан халық жүйелі түрде көшіп жатыр. Мұның бәрі, сайып келгенде, өңірлер арасындағы елеулі әлеуметтік және экономикалық теңгерімсіздіктерге ғана емес, сондай-ақ елді мекендердің, әсіресе шекара маңы облыстарының әлсіз қоныстануына байланысты ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің туындауына алып келеді", - деді сенатор.


Депутат пайымынша, өңірлерде жұмыс орындарын ашу және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жақын арада орталық және жергілікті билік үшін басым міндет болуға тиіс.

Бұл жұмыс, ең алдымен өңірлік стандарттар жүйесіне байланыстырылып, қала мен ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік және инженерлік-техникалық инфрақұрылымның қолжетімділігі төмен стандарты бойныша жүргізілуге тиіс. 2019 жылдан бастап қолданылып келе жатқан өңірлік стандарттар жүйесі қайта қарауды талап етеді деп есептейміз. Өйткені, ауылдық елді мекендер үшін бекітілген объектілер мен қызметтер тізбесі ветеринариялық пункт, мал қорымдары, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары сияқты маңызды орындарды көздемейді", - деді Серік Шайдаров.


Естеріңізге сала кетейік, оңтүстік астана әкімдігінің мәліметінше, Алматының бес жаңа тұрғынының үшеуі сырттан келеді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны