24.07.2021, 20:40 13153
Елдос Сметов Олимпиадада Қазақстанға бірінші медаль әкелді
Достарға айту
60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос "ваззари" ұпайын иеленді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленіп отыр", - деп хабарлайды Olympic.kz.
Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді.
Айта кетелік, Елдос Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.04.2024, 17:30 13451
Конкурдан әлем кубогы: елордалық Ержан Мағжаев күміс жүлдегер атанды
Достарға айту
Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында конкурдан өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде командалық маршрутта отандастарымыз күміс жүлдеге қол жеткізді. Командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Астана қаласының шабандозы Ержан Мағжаев өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан барған шабандоздар үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінде 11 елдің спортшылары бақ сынауда. Байрақты бәсеке 5 мамырға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.04.2024, 16:34 23406
Алматы жартылай марафоны 21 сәуірде өтеді
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді
Достарға айту
2024 жылы 21 сәуірінде Алматы жартылай марафоны өтеді. 8 мыңнан астам қатысушы әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл жартылай марафон жетінші рет өтеді. Оның аясында зияткерлік дамуы бұзылған спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді, оған 8 елдің спортшылары қатысады.
2024 жылы 4 қашықтық ұсынылады: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жүріс) және Экиден командалық эстафетасы.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатыса алады. Жарыстың қалған қашықтығына 15 жастан бастап қатысуға болады.
Іс-шараның өткізілуіне байланысты 21 сәуірде сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жарыс өтетін жердегі жолдар ішінара жабылады.
Жолды жабу жоспары:
Сөре Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:00-де басталады. Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жол учаскесіндегі қозғалыс 21 сәуір сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 6:45-тен 09:10-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағындағы қозғалысқа шектеу жоқ.
Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 7:10-нан 08: 30-ға дейін толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 8:10-нан 10:40-қа дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 7:20-дан 09:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Сайын көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08: 00-ден 09:40-қа дейін жабылады. Батыс жағында көлік қозғалысына рұқсат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.03.2024, 21:14 30676
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстандық гимнаст батуттық гимнастикадан Париждегі Олимпиадаға тағы бір жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Батуттық гимнастикадан әлем кубогының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша, 25 жастағы Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлде иеленген.
Бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио Олимпиадасында алғаш Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға табан тіреген еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2024, 23:00 39181
Елордалық ағайынды боксшылар Париж Олимпиадасына екі жолдама жеңіп алды
Достарға айту
Астана қаласының спортшысы Нұрбек Оралбай Италиядағы турнирге әдемі нүкте қойды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз шешуші айқаста ирландиялық Кейлин Кессидимен жұдырықтасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қажетті ара-қашықтықты дәл ұстанған Нұрбек ирландиялық қарсыласынан мықтылығын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандыққа беріп, Оралбайдың қолын көтерді.
Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының жеті лицензиясы бар. Ал оның екеуін Астана қаласының былғары қолғап шеберлері алған болатын.
Атап айтқанда, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы (92 кг) Айбек Оралбай мен оның сыңары 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.03.2024, 16:47 41241
Қазақстандық гимнаст Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: instagram/kazgymfederation
Достарға айту
Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-При кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметінен.
Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-При кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева тұғыр биігінен көрінді.
Доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен спортшымыз төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.
Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Махсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.03.2024, 20:11 46876
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
Сурет: KTF
Достарға айту
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Әлемнің 51-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс мастерс жарысының алғашқы айналымында рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған германиялық Доминик Кепфермен сынға түсті.
Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді - 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).
Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен шеберлік байқасады.
Әйелдер арасында Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева да сәтті ойнай алды. Ол рейтингіде 76-орындағы тағы бір германиялық Тамара Корпачты екі сетте жеңді - 6:2, 6:3.
Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.03.2024, 15:55 53791
Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы жұмысының басым бағыттарына назар аударды.
Қазақстан Президенті, ең алдымен, Халықаралық олимпиада комитеті аясындағы сенімді және тиімді қарым-қатынасты нығайту маңызды екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрамалардағы спортшылардың алдағы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына даярлығына қатысты зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сонымен қатар лицензиялар санын көбейту және Париж Олимпиадасында елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді жүйе құру маңызды міндет екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысының айтуынша, өз әлеуетін таныту үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасап, отандық спорттың өркендеуіне кері әсер ететін жағымсыз құбылыстарды жою қажет. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу әділ жүргізілуі керек.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің кәсібилігі мен мол тәжірибесі еліміздегі олимпиадалық спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.02.2024, 20:26 57051
Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды
Достарға айту
Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Каирда бірінші санаттағы J500 ITF Juniors жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында үздік шықты. Қазақстандықтар финалда доданың 2-ракеткалары, сербиялық Теодора Костович - чехиялық Люси Урбанованы қапы қалдырды - 6:1, 7:5.
14 жасқа дейінгілер арасында да қазақстандықтар ерекше көзге түсті. Родион Трайгель Түркияда Tennis Europe Soul Cup турнирінің абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей сында соңғы бәсекеде грузиялық Зука Кашешвилиді ойсырата ұтты - 6:0, 6:1. Ал Аңсар Ниетқалиевпен бірге жұптық сында болгариялықтар Горгиев - Тзонковтан айласын асырды - 6:3, 7:5.
Темірлан Жантеміров Польшада ТЕ Kozerki Cup by HEAD додасында чемпион атанаса, ал жекелей сында тек финалда ғана фин Адам Напариге жол берді - 3:6, 1:6.
Әмір Омарханов пен Даниал Рахматуллаев Оңтүстік Америкадағы сапарын жалғастыруда. Қазақстандық теннисшілер ITF GSPDF Team құрамында турға шақырту алған болатын. Бұған дейін мұндай додаға Диас Досқараев, Ирина Силютина, Сандуғаш Кенжебаева қатысқан еді. Өткен аптада Асунсьонда J300 турнирінде Әмір жартылай, Даниал ширек финалға дейін жетті. Осы аптада Омарханов пен Рахматуллаев Порту-Алегриде (Бразилия) дәл осындай жарыста бақ сынайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
20.05.2024, 11:05Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды 20.05.2024, 12:17 4276Ақмола облысының прокуроры тағайындалды20.05.2024, 12:20 3516Темір жол машинасын жасау саласында өндіріс көлемі 2,4 есеге өсті20.05.2024, 11:52 1506Алматы қаласында 21 мамыр сағат 10:00-де жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді20.05.2024, 12:04 1291143 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды
16.05.2024, 17:53 107411Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды16.05.2024, 16:44 107221Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады16.05.2024, 17:43 106151Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды17.05.2024, 11:24 87261Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді17.05.2024, 12:26 85871Қазақстанда 200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды
24.04.2024, 18:17 157936Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156241Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153221Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады22.04.2024, 16:42 132651Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады24.04.2024, 18:19 131656Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады