11.09.2023, 20:22 19731

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені төңірегіндегі ахуал бойынша сауалдарға жауап берілді

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені төңірегіндегі ахуал бойынша сауалдарға жауап берілді
Алдағы үш жылда 655 денсаулық сақтау нысаны салынып, 32 ауданаралық аурухананы жаңғырту жоспарланған. Бұл туралы Мәжілісте "2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп мәлім етті.

Қаржы вице-министрінің айтуынша, 2024 жылға түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Аталған қаражат әлеуметтік маңызды және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бұл - автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ "Жайлы мектеп" және "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобалары аясында бірқатар әлеуметтік нысан салу", - деді А.Бейсенбекұлы.


Бюджет шығыстары 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн. теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн. теңгені құрайды. Оның 40 пайыздан астамы әлеуметтік салаға тиесілі. 2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңге, халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылы 3,5 трлн. теңге көзделген.

Отырыс барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қойды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны