30.04.2024, 16:58 58696
Елімізде ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау 6 мамырда басталады
Достарға айту
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің әр аймағында әртүрлі уақытта басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық тестлеу орталығына сілтеме жасай отырып.
Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ҰБТ кейінірек басталады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеу 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді", - деген ақпарат таратты Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қалған өңірдің талапкерлері үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі - 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.
Сондай-ақ, министрлік 2024 жылы барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алатындығын хабарлап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.05.2024, 10:36 3201
Түркістан облысында 90%-дан астам жер марокко шегірткесіне қарсы өңделді
Достарға айту
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Түркістан облысы егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Өңір бірінші болып шегірткенің ең қауіпті түрі - марокко шегірткесіне қарсы белсенді күрес кезеңін бастады.
Барлығы 272 мың гектар жер өңделеді. Оның 252 мың гектары 19 мамырға дейін өңделді, бұл өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің 93%-ы. Қалған 20 мың гектарда таяу күндері өңдеу жұмыстары аяқталады.
Өңірдегі үлкен алқаптарды өңдеу жұмыстарына 360-тан астам адам тартылған. Олардың қатарында Түркістан және басқа да облыстардың аудан-қалаларынан келген инспекторлар, мамандар, болжау орталығының қызметкерлері, сондай-ақ мәселеге бейжай қалмаған жергілікті тұрғындар да бар. Жұмыстар жаяу, көлікте, ұшақтар мен дрондар арқылы жүргізіліп жатыр. Барлығы 162 мың га жерден, 107 мың га ауадан, 1 мың га рюкзак түріндегі бүріккішпен, 1,4 мың га дрондар арқылы өңделуде.
Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы өңдеу механизмдері мен әдістерін зерттеп, зиянкестерге қарсы жұмыстардың барлық циклін жүргізетін мердігерлермен препараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу жұмыстары жөнінде пікір алмасты.
Еске сала кетейік, Түркістан облысында бүкіл қызмет циклін бір мердігердің көрсетуі пилоттық жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр. Келер жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін орталықтандырылған бірыңғай жүйеде сатып алуға көшу жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 16:29 27206
Сәуір-мамыр айларында Шардара су қоймасына құйылатын су көлемі екі есеге артты
Достарға айту
Қазақстан үшін мемлекетаралық деңгейде бекітілген лимиттер мен трансшекаралық су нысандары жұмысының болжамды режимі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының егіншілерін маусымда егіндік сумен ысырапсыз қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өзбекстан тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Шардара су қоймасының толу көрсеткіші биыл 300 млн м3-ке ұлғайтылды және 4,8 км3 деңгейінде қалды, мамыр айындағы орташа су ағыны 350 м3/с (2023 жылы 90 м3/с) құрады.
Шардара су қоймасына сәуір-мамыр айларында барлығы 1,4 км3 су құйылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық.
"Достық" каналының қазақстандық бөлігіне су беру лимиті 922 млн м3 көлемінде белгіленген.
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасында "Бахри Точик" су қоймасының биылғы шілде-тамыз айларына арналған жұмыс режимі кестесіне қол қою пысықталып жатыр, бұл аталған екі нысанға кепілді су беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қырғызстан Республикасының (Киров, Орто-Токой) су қоймаларының гидрологиялық болжамдары мен қазіргі толу көрсеткішін ескере отырып, Қазақстан үшін Талас өзені арқылы 380 млн м3 көлемінде су беру бекітілді, бұл өткен жылғы деңгейден 44 млн м3 артық.
Биыл Шу өзенінен біздің елімізге 180 млн м3 көлем су алу көзделген, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 26 млн м3 артық.
Қазақстандағы суармалы жердің жалпы ауданы биыл 1,5 млн га құрайды, оның негізгі бөлігі алдағы жазда ыстық әрі құрғақ ауа райы болжанып отырған оңтүстік өңірлерге тиесілі. Суару жұмыстары басталып кетті, сумен жабдықтаудың бекітілген көлемі вегетациялық кезеңнің сапалы өтуін қамтамасыз етеді деп күтіліп отыр.
Су тасқыны жағдайына байланысты еліміздің солтүстік, орталық, батыс және ішінара шығыс аймақтарында су қоймалары орта есеппен 70-тен 90%-ға дейін толтырылды. Қазақстанда барлығы 405 су қоймасы бар, олардың толық сыйымдылығының жиынтығы 14 997,9 млн м3 құрайды. Су қоймаларындағы бұл көлем ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады.
Республиканың суға қажеттіліктерін ескере отырып, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жаңа су қоймаларын салу жоспарланған. Бүгінде Түркістан облысында "Бәйдібек ата" су қоймасының құрылысы жүріп жатыр.
Су қоймаларын салу бойынша екі жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында. Тағы бес нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, жақын арада сараптамаға жіберілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 16:10 28011
Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасын қабылдады
Сурет: akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы парламенттік дипломатияның әлеуетін жоғары бағалайтынын атап өтіп, Түркия Ұлттық Мәжілісі төрағасының Қазақстанға сапарының мәні зор екеніне назар аударды.
Бүгінгі кездесу Достық және ынтымақтастық туралы келісімнің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның символдық мәні бар. Жақында ғана әріптесім Режеп беймен телефон арқылы сөйлестім. Біз үнемі хабарласып отырамыз. Сондықтан екі ел арасындағы диалог өте жақсы дамып келе жатыр. Жалпы, Түркия - Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Сонымен қатар басты 10 инвестордың қатарына кіреді. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 6 миллиард долларға жетті. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Қарым-қатынасымыздың әлеуеті өте зор. Сондықтан келешекте өзара сауда айналымы 10 миллиард долларға жететініне ешқандай күмәніміз жоқ", - деді Президент.
Өз кезегінде Нуман Куртулмуш атажұртта түрік делегациясына көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді.
Қазақстан - біздің атажұртымыз әрі түркі халқына ортақ рухани тұлға Қожа Ахмет Ясауидің отаны. Біз Түркістан қаласына жол жүріп, қасиетті орындарға зиярат етеміз және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінде конференция өткіземіз. Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліңізде табысты саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалар жүріп жатыр. Мұның бәрі Қазақстанның өркендеуіне оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенімдімін. Екі елдің сауда, технология, өнеркәсіп, логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуеті зор", - деді Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нуман Куртулмуш екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын күшейту және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше бауырлас елдердің өзара ынтымағын нығайту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Түркия елінің басшылығымен алдағы кезеңге жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер пысықталды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы түрік спортшылары мен делегациясы биыл қыркүйек айында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қатысатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 15:19 28441
Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің Шығыс Әзербайжан провинциясында тікұшақ апаты салдарынан қайтыс болуына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан осы елдің Жоғары лидері Әли Хаменеи мен Бірінші Вице-Президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.
Тікұшақ апаты салдарынан Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен оның сенімді серіктерінің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Ибрахим Раиси - Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін риясыз арнаған көрнекті мемлекет қайраткері. Оның қолға алған бастамалары мен жетістіктері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны баршаға мәлім. Қазақстандықтар Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды. Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", - деп жазылған жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 12:20 32361
Темір жол машинасын жасау саласында өндіріс көлемі 2,4 есеге өсті
Достарға айту
2024 жылдың бірінші тоқсанында темір жол машинасын жасау саласында өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге өсті, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында осы секторда 141,3 млрд теңгеге өнім өндірілген.
Өндірістің ең үлкен өсім көрсеткен негізгі түрлері: "Теміржол локомотивтері" (2,3 есе - 10 данадан 23 данаға дейін); "Теміржол вагондары, өздігінен жүрмейтін жолаушылар вагондары және өзге де арнайы мақсаттағы вагондар" (8,3 есе - 6 данадан 50 данаға дейін); "Биіктігі 60 см артық қайырмалы емес борттары бар өздігінен жүрмейтін темір жол және трамвай жүк вагондары мен платформалары (0-ден 309 данаға дейін).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 12:17 33121
Ақмола облысының прокуроры тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Р.Б. Құттықов еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының прокуроры, Атырау облысы Атырау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап Маңғыстау облысының прокуроры болды.
Р.Б. Құттықов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған.
Прокуратураның құрметті қызметкері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2024, 11:05 33861
Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Достарға айту
Ерұлан Жамаубаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", деп көрсетілген Жарлық мәтінінде.
Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1995), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті жанындағы Халықаралық бизнес мектебін (2009) бітірген, халықаралық қаржы ұйымдарында және батыс елдерінің орталық (ұлттық) банктерінде біліктілікті арттыру (тағылымдамадан өту) курстарынан өткен.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың наурызына дейін Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болған.
Әр жылдары Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қаржы министрі (2020 жылғы 18 мамыр, 2021 жылғы 18 қаңтар, 2022 жылғы 11 қаңтардан - 2022 жылғы 29 наурыз), ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі (2022 жылғы 29 наурыз, 2023 жылғы 3 сәуірде қайта тағайындалды - 2024 жылғы 6 ақпан).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.05.2024, 12:47 86976
Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы
Қазіргі уақытта Қазақстанда 275 музей жұмыс істейді
Достарға айту
Қазақстандық музейлер қорында 4 000 000 нан астам зат сақтаулы, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 275 музей жұмыс істейді. Оның ішінде 16 - республикалық, 15 - музей-қорық, 244-өңірлік музей бар. Жыл сайын музейлерге келушілер саны артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың басынан бері миллионнан астам адам мәдени нысандарға барған.
Қазақстанның алғашқы мемлекеттік музейі, еліміздегі музей ісінің қалыптасуына мұрындық болған - ҚР Орталық мемлекеттік музейі. Мұражай Орталық Азиядағы ең көне және ең ірі музейлердің бірі болып саналады. Биыл музейдің ашылғанына 104 жыл толады, ал 95 жыл бұрын музей Алматыға көшірілген.
Қазір музейде мәдени-ағарту, экспозициялық-көрме, сақтау, ғылыми-зерттеу, реставрация, коллекционерлік, есепке алу, редакциялық-баспа қызметтері бар және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді.
ҚР Орталық мемлекеттік музейі қоры 273 611 сақтау бірлігін құрайды, оның 28 838-і ұлттық мәдени игілік тізіліміне енгізілген.
Айта кетейік, музей - әрқашан адамзат тарихы мен мәдени мұраның сақтаушысы, өйткені олар үлкен ғылыми-ағартушылық, білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазақстан музейлер қорында 4 000 000-нан астам музей заты бар, олардың 360 мыңы Ұлттық мәдени игілік объектілері қатарына енген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
21.05.2024, 10:36Түркістан облысында 90%-дан астам жер марокко шегірткесіне қарсы өңделді 21.05.2024, 10:24 911Павлодарда синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісі жойылды
16.05.2024, 17:53 108226Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 45 жүргізуші сотталды16.05.2024, 16:44 107851Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады16.05.2024, 17:43 106776Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылды17.05.2024, 11:24 88526Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді17.05.2024, 12:26 87711Қазақстанда 200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды
24.04.2024, 18:17 158071Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 156376Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 153361Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады22.04.2024, 16:42 132786Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады24.04.2024, 18:19 131801Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады