13.10.2022, 14:53 10436

ҚР Президенті АӨСШК Қаржы саммитін тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыруды ұсынды

Тоқаев өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санайды.
Астана. 13 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Қаржы саммитін тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын жандандыру үшін ҚХР-дың бұл бастамасының маңызы зор. Трансформация экономиканы қалпына келтіруге, орнықты әрі инклюзивті дамуға, Кеңес аясындағы аймақтық және субаймақтық қаржылық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді", - деді Тоқаев Астанада өткен АӨСШК VI саммитінде.

 
Ол АӨСШК кеңістігінде, Шанхайда, Дубайда және Астанада ірі қаржы орталықтары табысты жұмыс істеп жатқанын және аталған міндеттерді шешу үшін олардың әлеуетін толық пайдалануға болатынын атап өтті.
 
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өзара тұрақты байланыс жөніндегі АӨСШК Кеңесін құру дер кезінде қабылданған шешім деп санайды.
 

Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі тиімді көлік-транзит дәліздерін қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жүк тасымалының оңтайлы әрі қолжетімді жолдары – экономикамыздың тұрақты өсімінің маңызды факторы. Коммуникация мен жүктерді жеткізудің әртараптандырылған бағыттарын пысықтау арқылы көлік-транзит әлеуетін жүзеге асыруға баса мән беру маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны