27.03.2024, 21:27 30721

Алматыда Есентай өзенінің жағалауында крокустар гүлдеді

Осы көктемде ақ, көк және күлгін түсті крокустар гүлдеді
Алматыда Есентай өзенінің жағалауында крокустар гүлдеді
Сурет: gov.kz
Алматыда Есентай өзенінің жағалауында крокустар гүлдеді, деп сүйіншілейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Есентай өзенінің жағалауы крокустардың гүлденуінің арқасында жаңа түстерге ие болды - бұл гүлдер көктемнің хабаршылары, үміт пен қайта жаңғырудың символы.

2023 жылдың күзінде 100 мыңнан астам көпжылдық гүлдер отырғызылған еді. Осы көктемде ақ, көк және күлгін түсті крокустар гүлдеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары крокустарды тамашалауға келуде, ашық түсті гүлдердің фонында олар суретке түсіп, қуанышқа бөленуде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны