08.05.2024, 20:02 32311

Атырауда әскери бөлімнен қару алып қашып кеткен сарбаз қамауға алынды

Атырауда әскери бөлімнен қару алып қашып кеткен сарбаз қамауға алынды
Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны