11.10.2022, 13:39 6086

Қазақстанда бір айда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1,6%-ға артты

Мәмілелер саны бойынша әлі де Астана (6 347) мен Алматы (6 342) қалалары көшбастап тұр.
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 36 241 құрады, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 905 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 27 336 мәміле, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.
 

2022 жылдың тамызымен салыстырғанда (35 686) тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны 1,6%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша әлі де Астана (6 347) мен Алматы (6 342) қалалары көшбастап тұр. Мәмілелердлің ең аз саны Ұлытау облысында – 372", - деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

 
Тамыз айымен салыстырғанда қыркүйекте ең көп өсім Түркістан (15,2%), Шығыс Қазақстан (14,8%) және Павлодар облыстарында (11,8%) тіркелді. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Ұлытау (-9,7%) және Алматы (-7,4%) облыстарында болды.
 

Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, қыркүйек айында олар бойынша барлығы 27 336 мәміле жасалды, бұл мәмілелер бойынша жалпы көрсеткіштің 75,4%-ы. ​ Бөлмелер саны бойынша сатып алынған пәтерлерге назар аударсақ, қатарынан екі ай бойы 1 бөлмелі пәтерлер көп саудаланып отыр. Қыркүйек айында 10 163 – бөлмелі пәтер ресімделді, олар бойынша сауданың 55,4%-ы Астана және Алматы қалаларына тиесілі. 2 бөлмелі пәтер бойынша 10 083 мәміле жасалды", - деп атап өтті статведомствода.

 
2022 жылдың тамызымен салыстырғанда жеке үйлерді сатып көрсеткіші төмендеуде. Мұндай төмендеу Қызылорда (-26,7%), Алматы ( -12,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында(-11,3%) байқалды. Жеке үйлер саудасының өсімі керісінше Шымкент қаласында (+11,6%), Ақтөбе (+9,8%), ШҚО (+9,6%), Жамбыл (+7,9%) және Павлодар облыстарында (+8,5%) тіркелді.
 
Бұған дейін Қазақстанда бір жыл ішінде пәтер бағасы 25%-дан астамға өскені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны