12.02.2025, 14:41 4931

Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 318 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешекті анықтады

Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 318 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешекті анықтады
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 16 кәсіпорнында 1,1 мыңнан астам жұмыскерге 318,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 499 еңбек құқығының бұзылуы анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 240 ұйғарым берілді және 24,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 890 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 81,3 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 ақпандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 389 тексеру жүргізді, оның барысында 499 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында - 466; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 31; халықты жұмыспен қамту бойынша - 2.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны