15.02.2022, 16:20 12066

Қазақстанда майнерлерге салынатын салықты 10 есеге арттыруы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. 15 АҚПАН - Майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту жөніндегі тапсырманы орындау бойынша Ұлттық экономика министрлігі тиісті тәсілдерді пысықтауда. Атап айтқанда, салық ставкасын тұтынылған электр энергиясының 1 кВт/сағатына 1 теңгеден 10 теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде белгілі болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінгі таңда шамамен 640 МВт электр қуатын ресми тіркелген майнингтік компаниялар тұтынады. Сонымен қатар, "көлеңкелі" майнингті тұтыну ресми тіркеуді талап етеді", — деді Ә. Қуантыров.

 
Бұл ретте, оның айтуынша, майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. 
 

Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығы. Осыған байланысты, министрлік тұтынушылардың басқа топтарына қарағанда, олар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу мақсатында энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобын бөлу мәселесін қарауды ұсынады", - деді министр.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны