06.03.2020, 22:16 137836

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты

Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірді. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 523 202 жарна келіп түсті.

Алматы. 6 наурыз. Kazakhstan Today - БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері 2019 жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шоттарының иелерімен байланыс орнатты. Бұл бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген "ұйқыдағы" шоттар. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.

Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірді. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 523 202 жарна келіп түсті.

Осылайша БЖЗҚ "ұйқыдағы" шоттарды жандандыру, соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны