26.12.2024, 15:01 18611

Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден астам қаражатты шетел валютасында сақтайды

Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден астам қаражатты шетел валютасында сақтайды
Бүгінде теңгенің әлсіреп тұрғаны анық, осы орайда халықтың шетел валютасындағы салымдарына шолу жасадық. Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың ел банктеріндегі шетел валютасындағы салымдары 5,3 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде бұл сома өзгере қойған жоқ, ал жыл басынан бері тіпті 3%-ға кеміді, деп хабарлайды Ranking.kz.

Десек те, көрсеткіштің төмендеуі бүкіл секторда байқалмады. Жалпы, жыл басынан бері алты банк оң динамика көрсетті, олардың тек үшеуі Қазақстандағы ірі ЕДБ болып табылады.

Еліміздегі үздік банктердің арасында жыл басынан бері халықтың шетел валютасындағы салымдарының ең жоғары өсімі Bereke Bank-те тіркелді: салымдар бірден 30,2%-ға, 65,5 млрд теңгеге дейін артты. Қаржы институтының көрсеткіштеріне қарағанда, ол тек шетел валютасындағы салымдар бойынша ғана емес, сондай-ақ депозиттердің барлық түрлері бойынша да (валютаға қарамастан) үздік көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

Екінші орынға Банк ЦентрКредит орналасты, ондағы шетел валютасындағы салымдар 3%-ға көбейді. Үздік үштікті Jusan Bank түйіндеді: жыл басынан бері 1,9%-ға өсім көрсетті.

Жоғарыда аталған банктер ғана үздік нәтиже көрсете алды, еліміздегі қалған ірі банктерде сегмент бойынша салымдардың теріс динамикасы байқалды.

Жалпы алғанда, ҚР ЕДБ-дағы халықтың шетел валютасындағы салымдарының динамикасы әртүрлі факторға байланысты. Біріншіден, мұндай салымдар табыс табудан гөрі жинақтау құралы ретінде қызмет етеді. Тиісінше, халық өнімнің тиімді шарттарына емес, қаржы институтына деген сенімге баса назар аударады. Екіншіден, банктердегі салымдардың динамикасы ұлттық валюта бағамының ағымдағы жағдайына, сондай-ақ халықтың болашақ бағам туралы болжамдарына байланысты.

Естеріңізге салсақ, 2024 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларының бағамы 523 теңгені құрады - жыл басынан бері ұлттық валюта 15,4%-ға немесе 70 теңгеге жуық шамада әлсіреді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны