08.12.2021, 19:44 132248

Еңбек министрлігі: жеткіліктілік шегін анықтау әдісі өзгермейді

Еңбек министрлігі: жеткіліктілік шегін анықтау әдісі өзгермейді
НҰР-СҰЛТАН. 8 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 7 желтоқсанда таратылған баспасөз релизінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін белгілеу мәселесінде Еңбекминінің құзыретіне қатысты бұрыс тұжырымға жол берілгенін хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Еңбекминінің ресми ұстанымы өзгеріссіз қалады. Министрлік зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлеуші болып табылады", - деп хабарлайды Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Ведомствода мәлімдегендей, 2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша әдістемеге өзгерістер енгізілген жоқ және жоспарланбаған, өйткені оның ағымдағы нұсқасы қазақстандықтарға болашақ зейнетақы төлемдерін қолайлы деңгейде қамтамасыз етудің қажетті өлшемдеріне толық сәйкес келеді.
 
Әдістемеге сәйкес жеткіліктілік шегін есептеудің негізгі параметрлерінің бірі күнтізбелік жылдың басындағы ең төменгі жалақы болып табылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап оның өзгеруі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеткіліктілік шегі автоматты түрде қайта есептеуге әкелді.
 
Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін Еңбекмині 2020 жылы әзірлеп, ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысымен бекіткен болатын.
 
Әдістеме келесі көрсеткіштерді қамтиды:
 
- БЖЗҚ табыстылығының жылдық пайыздық мөлшерлемесі;
 
- БЖЗҚ-жан төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі;
 
- ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі;
 
- жыл сайынғы индекстеумен жалақының ең төменгі мөлшері;
 
- ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақыны есептеу үшін индекстеуді ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері;
 
- міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;
 
- зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны