18.12.2024, 13:28 3281

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын аяқтады

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын аяқтады
Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын Әзербайжанға тапсырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 7-ші Сыртқы істер министрлерінің отырысы онлайн форматта өтіп, оның барысында Қазақстан Республикасы ұйымдағы төрағалығын ресми түрде Әзербайжан Республикасына тапсырды.

Іс-шара барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның төрағалығы кезіндегі АӨСШК-тің негізгі жетістіктерін атап өтіп, ұйымның төрт жылдық жұмысын қорытындылады.

Атап айтқанда, 2022 жылғы қазанда Астанада өткен АӨСШК 6-шы Саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған трансформация үдерісіне ерекше назар аударылды. 2023 жылғы қыркүйекте қабылданған Трансформация жөніндегі жол картасына сәйкес, Қазақстан төрағалығы Кеңес Жарғысының жобасын әзірлеп, келістіру үдерісін бастады. Аталған кезеңде Қазақстан Талдау орталықтар форумы, Даналар кеңесі және АӨСШК қоры сияқты үш жаңа органның ашылуына бастамашылық етті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны