13.09.2022, 14:33 13886

"Сбербанк Қазақстан" өз атауын "Береке банк" деп өзгертеді

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев "Сбербанк Қазақстан" ребрендинг өткізіп, "Береке" атауын алатынын мәлімдеді.
"Сбербанк Қазақстан" өз атауын "Береке банк" деп өзгертеді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев "Сбербанк Қазақстан" ребрендинг өткізіп, "Береке" атауын алатынын мәлімдеді.
 
Бұл туралы Шарлапаев Shishkin_like арнасына берген сұхбатында айтты.
 
Оның айтуынша, ребрендинг міндетті түрде болады.
 

1 қыркүйекте меншік құқығын беру бойынша транзакцияны жауып тастадық. Жаңа банк "Береке банк" деп аталады. Бұл қазақтың жақсы сөзі, себебі қазақтар бір-біріне әрдайым береке мен молшылық тілеп отырады. Біз де бұл құндылықтарды сақтай отырып, әрі қарай жұмыс істей береміз", - деді Қанат Шарлапаев өз сөзінде.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны