20.12.2024, 19:34 5331
Қазақстан ІІМ басшысы Әзірбайжанның Ішкі істер министрімен кездесті
Достарға айту
Әзірбайжан Ішкі істер министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен Қазақстанның полиция ведомствосында болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ержан Саденов пен Вилаят Эйвазов қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа, экстремизм және басқа да қатерлерге қарсы күрестің басым мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар қызметтің көптеген бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтті. Жедел ақпарат алмасу және оң жұмыс тәжірибесімен бөлісу бойынша серіктестікті дамыту перспективалары айқындалды.
Сондай-ақ іс-шара аясында Әзірбайжан ІІМ делегациясы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қолданылатын цифрлық шешімдермен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің министрлері хаттамаға қол қойды, онда қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар нақтыланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.12.2024, 19:59 4351
Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді
Достарға айту
Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы суармалы су берілді. Бұл Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 26 сәуірде Бішкек қаласында Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Қырғыз Республикалары комиссиясының 33-ші отырысы өтті. Отырыс шеңберінде 2024 жылғы суару кезеңіне арналған Шу және Талас өзендерінің мемлекетаралық көздері бойынша су алу кестесі бекітілді.
Нәтижесінде, Талас өзені арқылы Қазақстанға болжанған 380 млн текше метр судың орнына іс жүзінде 418 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,2 млн текше метрге артық. Шу өзенімен бекітілген кестеге сәйкес 165,3 млн текше метр су алынды, бұл былтырмен салыстырғанда 29,7 млн текше метрге көп.
Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының шаруалары сұраныстарына сай суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 90,1 мың га егіс алқабын суаруға 533,3 млн текше метр су берілді",- деді Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалы директоры Қайрат Аманов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:44 4671
Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады
Достарға айту
Астана Опера" балет труппасы Дубайда хореограф Юрий Григорович қойған П.Чайковскийдің "Щелкунчик" балетін сахналады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен бұл гастрольдер елордалық театрдың биылғы шетелдік турларының қорытындысы болды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қойылымның хореографиясы бастапқыдай қалуы үшін "Астана Опера" труппасымен гастроль алдында Юрий Николаевич Григоровичтің ассистенттері Руслан Пронин мен Оксана Цветницкая жұмыс істеді.
Спектакльді театрдың симфониялық оркестрі италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен сүйемелдеді.
Айта кету керек, спектакльдің былтырғы жетістігінен кейін "Астана Опера" балет труппасының көркемдік жетекшісі, әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратова бастаған қазақстандық труппаны Дубай театры қайта шақырды.
Астана Опера" труппасының "Дубай Операда" "Щелкунчик" балетімен келіп, қайта өнер көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Былтыр табысқа толы жыл болды. Сол кездегі труппаның керемет өнерінен кейін, біз оларды тағы да шақырдық. Таңғажайып қойылым, талантты әртістердің өнерін тамашалағанымызға өте қуаныштымыз", - деді "Дубай Опера" директоры Паоло Петрочелли.
Керемет қойылым! Спектакльдің көркемдігіне тәнті болдым. Мехикодан Дубайға арнайы "Щелкунчикті" көру үшін ұшып келдім. Осынау керемет опера театры залында барлық костюмдерді, декорацияларды және жарқын түстерді көру мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл труппаның жоғары деңгейдегі өнерін тамашалауға керемет мүмкіндік болды", - деді Артуро Перес Ривера.
Еске сала кетейік, алғашқы қойылым 19 желтоқсанда сәтті өтті. Алда әлі үш гастрольдік күн бар - 20, 21 және 22 желтоқсан. Бұл күндері жетекші солистер көрерменді ертегінің сиқырлы әлеміне жетелейді. Айта кету керек, труппа 6 спектакль ұсынады, олардың әрқайсысы аншлагпен өтеді деп күтілуде. Қойылым күндері көрермен ғажайып атмосфераны сезінуге мүмкіндік алады. Хореограф дайындаған жеке нөмірлер, атап айтсақ мүлгіген қысқы табиғаттың таңғажайып бейнесін көз алдыңа әкелетін ақ ұлпа қар бүршіктерінің биі ересектерге де, балаларға да зор әсер қалдырады. Классикалық хореография, символизм, қиял-ғажайып бейнелер мен Симон Вирсаладзенің көркемдік безендіруі бұл балетті шынымен ұмытылмастай етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:42 4881
Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті
Достарға айту
Астанада Отбасын қолдау орталықтары мен қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар қызметі бойынша 2024 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 65 Отбасын қолдау орталығы (ОҚО) жұмыс істейді. Орталықтар қазақстандықтарға түрлі мәселелерді шешуге көмек көрсету үшін құрылған. ОҚО психологиялық, заңгерлік, ақпараттық кеңес береді, жұмысқа орналасуға және біліктілікті арттыруға жәрдемдеседі. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына бір айға дейін уақытша баспана ұсынады.
2024 жылдың сәуір айында әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Заңның қабылдануы отбасы институтын нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда маңызды қадам болды.
Заңның жаңа редакциясы ОҚО қызметіне де өзгерістер енгізді - Отбасын қолдау орталықтарының бірыңғай желісі құрылып, отбасы мәселелерін шешуде кейс-менеджмент енгізілді.
Орталықтар көмекке жүгінгендердің жағдайын кешенді түрде бағалап, әр отбасының жағдайына байланысты жеке жоспар әзірлеп, оны жүзеге асыруда.
Жаңа тәсілде алдын алу шараларына баса назар аударылды. Қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау үшін Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің мамандарынан мобильдік жұмыс топтары құрылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының жеделдігі мен ыңғайлылығы үшін әлеуметтік қызметтерді ұсынудың интеграцияланған моделі ретінде мобильді қосымша әзірленді. Қазіргі уақытта мобильді қосымша сынақтан өтуде.
Заң күшіне енген сәттен бастап Орталықтардың саны 33-тен 65-ке дейін өсті. 2025-2027 жылдары олардың санын 208-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері орталық мамандары 400 мыңнан астам кеңес берді.
Орталықтардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мобильдік топтардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерде көшпелі оқыту семинар-тренингтері өткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:37 5116
ҚТЖ-да Әйел теміржолшылар қауымдастығының алғашқы форумы өтті
Достарға айту
ҚТЖ-да Әйел теміржолшылар қауымдастығының алғашқы форумы өтті, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Форумның пленарлық сессиясына ҚР Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден және "Самұрық-Қазына" АҚ-ның Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан қатысты.
Спикерлер әйелдердің жетекші лауазымдардағы қызметі, жұмыс пен отбасына уақыт бөлуі, сондай-ақ кәсіби салада әйелдерді қолдаудың маңызы жайында талқылады.
Форумға жиналған 100 шақты қатысушы жетістікке жету жолдары мен ұсыныстарын айтып, шабыт беретін оқиғаларымен бөлісті.
Форум барысында "Қазақстан темір жолы" заң қызметінің басшысы Александра Смолина қауымдастықтың төрайымы болып сайланды.
Бұл форум ҚТЖ-ның гендерлік теңдікті дамыту, тең мүмкіндіктер беру және теміржол саласындағы әйелдерді қолдау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 17:06 8041
Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) 1996 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде шығарылған қолма-қол АҚШ долларын ЕДБ айырбастау пункттерінің және банктік емес айырбастау пункттерінің айырбастаудан бас тарту фактілері бойынша азаматтардан түсетін шағымдардың жиілеп кеткені туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ҚҰБ бұл банкноталардың заңды төлем құралы болып табылатынын және олардың түпнұсқалығы расталған және зақымдануы болмаған жағдайда Қазақстанның айырбастау пункттерінде комиссиясыз қабылданатынын еске салады.
Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру тәртібі туралы.
Егер банкноталар бүлінбеген болса және айналыста жарамсыз деп танылмаған жағдайда ҚР заңнамасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау үшін комиссиялар көзделмеген.
Айырбастау пункттері алынатын комиссияны айырбастауға қабылданатын банкноталар төлемге қабілетсіз немесе одан әрі айналысқа жарамсыз болған жағдайда ғана белгілеуі мүмкін екенін атап өтеміз.
Егер айырбастау пункті комиссия алса немесе шетел валютасын шыққан жылына қарай қабылдаса, валюта айырбастаудан негізсіз бас тартса, сол айырбастау пункті орналасқан жердегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалына шағымдану қажет. Шағыммен қатар барлық қажет ақпарат пен құжатты қоса көрсету керек, бұл заңға сәйкес шара қолдануға мүмкіндік береді.
ҚҰБ аумақтық филиалдарының байланыс деректері жөніндегі ақпаратты ҚҰБ-тың ресми интернет-ресурсынан табуға болады.
Қазақстан аумағында қолма-қол шетел валютасымен кассалық операцияларды жүзеге асыру тәртібі туралы.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес банк операцияларына депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын теңгемен және шетел валютасымен ашу және жүргізу жатады.
Касса операциялары мен банкноталарды, монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау ережелеріне сәйкес, банк мынадай касса операцияларын жүзеге асырады: клиенттен қолма-қол ақша қабылдау және клиентке қолма-қол ақша беру. Бұл операциялар банк туралы заңның 30-бабында көрсетілген банк операцияларын және басқа да операцияларды орындау үшін жүргізіледі.
Осылайша, ЕДБ кассалық операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынатын комиссияларды өздерінің ішкі тарифтік саясатына сәйкес белгілеуге құқылы.
Бұл ретте Банктер туралы заңға сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақы мөлшерлемелері мен комиссияларды, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып өз бетінше белгілейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 12:52 16281
ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда
Достарға айту
ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.
Экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандаға қарсы күрес және заң мен тәртіпті сақтау Агенттіктің басым міндеттері болып қала береді.
Бұл жағдайда қызметтік-іздестіру иттері де өз көмегін көрсетті.
Ағымдағы жылдың басынан бері Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісін анықтады.
Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:
- марихуана/каннабис - 5,2 кг. (20 факт);
- гашиш/гашиш майы - 11,5 кг. (11 факт);
- көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері.
Сонымен қатар, осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды.
Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуроны құрады.
Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген.
Еске салайық, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған.
ҚР ҚМА кинологиялық қызметі қаржылық мониторинг агенттігінің бөлімшесі, ал оның мамандары арнайы дайындалған жедел қызметкерлер болып табылады. Оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы есiрткi мен валютаның, оларды өткiзудiң қауiптi бағыттарында контрабанданың жолын кесу үшiн арнайы дайындалған қызметтiк-iздестiру иттерiн дайындау және пайдалану мiндетi жүктелген.
Кинологиялық орталықта дайындалған жануарлар тек Агенттіктің бөлімшелеріне ғана емес, сонымен қатар басқа да құқық қорғау органдарына, арнайы қызметтерге, әскери полицияға, ҰҚК ШҚ және Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.
Кинологиялық орталықта мемлекеттік кірістер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, сондай-ақ Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Моңғолиядан келген 1000-нан астам кинологтар оқытылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 10:58 8251
Ұлттық қордың Швециядағы активтерін қайтару және жаңа мүмкіндіктер - Ұлттық Банк Стати заявление бойынша мәлімдеме жасады
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкі және Стати тараптары арасындағы сот дауларын реттеу процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлайды.
Реттеу нәтижесінде Қазақстан Ұлттық Банкі Стати тараптарының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтеріне қойған талаптарынан бас тартуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін өз иелігіне қайтаруға қол жеткізді.
Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ұзақ мерзімді кірістілігін жақсарту үшін жағдай жасауға ықпал ететін операциялық икемділікті арттыруға және әлеуетті инвестициялық серіктестердің барынша кең ауқымын тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2024, 17:12 35716
Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл - көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабы ашылуын өте маңызды оқиға деп бағалады. Осы арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады.
Президент аталған медиа алаңы аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізетініне назар аударды.
Өз кезегінде Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды. Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған. Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз жаһандану жағдайындағы ақпараттық ортада тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандар даярлауға қызығушылық танытып отыр.
Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету және қоғамның ашықтығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына тоқталды.
Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.12.2024, 12:52ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда 20.12.2024, 10:58 8221Ұлттық қордың Швециядағы активтерін қайтару және жаңа мүмкіндіктер - Ұлттық Банк Стати заявление бойынша мәлімдеме жасады20.12.2024, 17:06 8001Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады20.12.2024, 19:34 5291Қазақстан ІІМ басшысы Әзірбайжанның Ішкі істер министрімен кездесті20.12.2024, 19:37 5086ҚТЖ-да Әйел теміржолшылар қауымдастығының алғашқы форумы өтті
17.12.2024, 20:37 76106Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды17.12.2024, 20:27 58616Алматыда бірден екі құрылыс нысаны бұзылады18.12.2024, 13:36 55236Қазақстан Үкіметі, Ұлттық Банк және Стати тараптары дауды реттеуді аяқтады18.12.2024, 13:28 55216Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын аяқтады18.12.2024, 17:50 54966Алматыда жедел медициналық жәрдем автопаркі 40 пайызға жаңартылды
22.11.2024, 14:04 138691Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 138476Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 113021Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді12.12.2024, 17:30 110366Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 109751Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды