20.12.2022, 15:27 20036

Ұлттық банк басшысы Тоқаевқа инфляциялық болжамдар және цифрлық теңгені енгізу туралы баяндады

Цифрлық теңгенің енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді және инновациялық қаржы өнімдерін жасауға мүмкіндік береді
Астана. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың биылғы қаңтар-қараша айларындағы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияның өсу қарқыны мен оның болжамы, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі жөнінде баяндалды.
 
Кездесу барысында Ұлттық банктің қабылдаған шаралары теңгелей салынған депозиттердің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсуіне, валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканы кредиттеу өсімін жалғастыруға оң ықпал еткені атап өтілді.
 

Президентке цифрлық теңгені енгізу қажеттігіне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындылары баяндалды. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, нарық қатысушылары, нақты тұтынушылар мен сауда-сервистік кәсіпорындарының қатысуымен өткен цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті болды. Цифрлық теңгенің енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді және инновациялық қаржы өнімдерін жасауға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін жеткізді. Цифрлық теңгені айналымға енгізу жоспары үш кезеңнен тұрады. Мемлекет басшысы жобаны одан әрі жүзеге асыру жөнінде міндет жүктеді.
 
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны