18.01.2022, 17:24 26791

Алматыда құрылыс супермаркетін тонап кеткен тонаушы ұсталды

Оның жеке көлігін тінту кезінде тонау нәтижесінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылды.
Алматыда құрылыс супермаркетін тонап кеткен тонаушы ұсталды
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 18 ҚАҢТАР - Алматыда құрылыс дүкенін тонаған ер адам ұсталды. 
 
Әуезов аудандық Полиция басқармасы хабарлағандай, 41 жастағы К.есімді азамат ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан. Күдікті жауап алу кезінде бұл фактіні мойындады. 
 
Оның жеке көлігін тінту кезінде тонау нәтижесінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылды. 
 

Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ер адам қамауға алынды", - деп атап өтті полицияда.

 
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыдағы тәртіпсіздіктердің салдарынан 112 млрд теңге шығын келтірілген. Бизнес субъектілерінің шығыны - 67 млрд, оның 42 млрд шағын және орта бизнеске тиесілі.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны