31.12.2024, 18:33 70541

Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды

Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды
QAZAQ AIR акцияларын сатып алу-сату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды "Самрук-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.

Самұрық-Қазына" компаниясы "QAZAQ AIR" АҚ акцияларын сатып алу-сату бойынша инвесторлар консорциумымен келісімшартқа қол қойылғанын хабарлайды.


QAZAQ AIR" АҚ-ны бәсекелі ортаға беру аясында "Самұрық-Қазына" АҚ, "Central Asia Aviation Holdings Limited" консорциумы (вьетнамдық Sovico Group құрамына кіреді) және "Kazasia Holdings Limited" компаниясы арасында міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, соның ішінде сатып алу-сату келісімшартына қол қойылды.


Kazasia Holdings Limited - серіктестік орнату үшін және QAZAQ AIR-ды "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп басқару үшін Sovico Group ұсынған қазақстандық компания.

Келісімшарт талаптарына сәйкес, инвесторлар қызмет тиімділігін арттыру мен ұзақ мерзімді тұрақтылықты басты назарға ала отырып, QAZAQ AIR-дың стратегиялық трансформациясы мен дамуына ықпал етеді.

Аталған шаралар аясында, алдағы бірнеше жылда QAZAQ AIR әуе паркін Boeing 737 Max 8 немесе Airbus A321 үлгісіндегі 20 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланған.

Келісімшарт нәтижесінде QAZAQ AIR активтерінің құнын едәуір арттырып, Орталық Азияның жетекші әуе компаниясы ретіндегі рөлін нығайту көзделіп отыр.

Мәміле жабық болып саналады, ал акциялар барлық тараптармен мақұлданған алдын ала шарттар орындалғаннан кейін инвесторлардың меншігіне беріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны