21.08.2023, 10:15 32256

Астанада Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктердің дамуы талқыланды

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді
2023 жылғы 18 тамызда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - cауда және интеграция министрі С. Жұманғарин Пәкістанның "TCS Logistics Private Limited" ірі логистикалық компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстанның оңтүстік порттарға қарай сауда-экономикалық бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Пәкістанға/Пәкістан арқылы экспорттық/импорттық өнімді тасымалдау мәселелері өзекті және бүгінгі таңда жоғары басымдыққа ие екенін атап өтті.

Өз кезегінде Х. Аван өзі басқаратын компанияның қызметі туралы сөз қозғады, оның көлік-логистика индустриясындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны