06.09.2024, 17:38 88786

Жамбыл облысында 2,7 мың га пайдаланылмай жатқан жер уческелерін қайтарылды

Жамбыл облысында прокурорлар 2,7 мың га пайдаланылмай жатқан жер уческелерін қайтарды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысында Сарысу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінанықтады.

Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты.

2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда қызметін жүзеге асырмаған серіктестікке жер учаскелерін бергені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді, осылайша жайылым тапшылығы мәселесі азайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны