12.06.2024, 20:33 44536

Қазақстан-Корея бизнес-форумының қорытындысы бойынша $430 млн асатын 23 құжатқа қол қойылды

Астанада Қазақстан мен Корея басшыларының қатысуымен Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің 13-ші отырысы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен 11-13 маусым аралығына Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.

Отырыс бизнес-форум форматында өтті. Жиынға 500-ден астам қатысушы, соның ішінде 50 ірі кореялық компаниялар қатысты. Жалпы құны $430 млн асатын 23 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Корея көшбасшысының сапары аясында "Самұрық-Қазына" тобы барлығы 5 құжатқа қол қойды:

- Қазақстанда аралас циклді газ турбиналық қондырғылары, жылу мен электр энергиясын аралас өндіру жобалары саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім ("Самұрық-Қазына" АҚ - Doosan Enterbility);

- Мұнай-газ және мұнай-химия саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу туралы құжат ("ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - Hyundai Engineering);

- Түтін газдарын тазалау саласындағы инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы меморандум ("Самрук-Энерго" АҚ - Doosan Enerbility - KEPCO Plant Service and Engineering);

- Маңызды пайдалы қазбаларды жеткізу тізбегін дамыту және қауіпсіздігі бойынша ынтымақтастық туралы меморандум (ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі - "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ - KIGAM - SK Ecoplant);

- Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесі шеңберінде Кореяның халықаралық сауда қауымдастығымен (KITA) ынтымақтастық туралы келісім.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны