29.08.2024, 17:19 113406

Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Қалалық мерекелік концерт 30 тамызда Абай алаңында өтеді. Алматыда Конституция күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстелдер, көрмелер, челлендждер, сынып сағаттары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

- Алмалы ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт бүгін 28 тамыз сағат 19:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жанындағы "Неделка" субұрқағы жанындағы скверде өтеді.

- Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.

- Алатау ауданында Конституция күніне орайластырылған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.

- Әуезов ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Family саябағында өтеді.

- Түрксіб ауданында ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтеді.

- Жетісу ауданында танымал әншілер мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт 30 тамыз сағат 11:00-де "Гүлдер" саябағында (Құлагер ш/а., Серіков көшесі, 2А), сондай-ақ, "Ата Заңым - айбыным!" шығармашылық фестивалі әл-Фараби скверінде өтеді.

- Наурызбай ауданында Конституция күніне арналған "Ата заңым айбыным" мерекелік концерті 30 тамыз сағат 11:00-де Амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) өтеді.

- Бостандық ауданында Конституция күнін мерекелеу құрметіне 29 тамыз сағат 12:00-де Қазмемциркте ALMATY CIRCUS FESTIVAL" II Халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ХӘОТ үшін қайырымдылық қойылым қояды. ҚР Конституциясы күніне арналған концерт 30 тамыз сағат 15:00-де "MEGA Alma-ata" СОО-да өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны