03.10.2022, 15:37 9461

Қазақстан Малайзиямен тікелей әуе қатынасын қалпына келтіреді

Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін биылғы қазан айында "Air Asia" әуекомпаниясының атқарушы директоры Бенджамин Исмаил Қазақстанға арнайы сапармен келмек.
Қазақстан Малайзиямен тікелей әуе қатынасын қалпына келтіреді
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 3 ҚАЗАН - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билік өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту мәселелерін талқылады.
 

Бұған дейін, 2019 жылы Covid-19 пандемиясының алдында Азаматтық авиация комитеті "Air Asia" әуекомпаниясының Қазақстанға рейстерін ашу бойынша жұмыс жүргізген болатын. Алайда ол карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылды", - деп түсіндірді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Қазақстандық тарап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда енгізілген "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынды.
 
Ірі төмен бюджеттік "Air Asia" әуекомпаниясы басшылығының ақпараты бойынша 2023 жылы Куала-Лумпурдан Қазақстанға одан әрі қарай үшінші елге ұшатын рейстерді іске қосу жоспарлануда (ауа еркіндігінің 5-ші дәрежесі).
 
Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін биылғы қазан айында "Air Asia" әуекомпаниясының атқарушы директоры Бенджамин Исмаил Қазақстанға арнайы сапармен келмек.
 
Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы тікелей рейсті қаңтар айында ашу жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны